ПАРАСАТ ЖОЛЫ: БІРЖАН ЖАҚЫПОВПЕН СҰХБАТ ӨТТІ

Қоғам Құқық Саясат

М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы «Парасат жолы» орталығында бокстан әлем чемпионатының, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиада ойындарының V-орын иегері, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері Жақыпов Біржан Жақыпұлымен сұхбат ұйымдастырылды.
Басты мақсат – жастарды спортқа баулу, адалдық, парасаттылық құныдылықтарын дәріптеу болып табылады.
Сұхбатты жүргізген қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Гүлбақыт Дулатова спикердің спорт саласына қалай келгені, жетістіктерге қалай жеткендігі, адал тұлға қалыптастырудағы ұстанымдары жайында сұрақтар қойды.
Біржан Жақыпов өзінің қандай жетістікке жетсе де қажырлы еңбегімен, алдына қойған нық мақсаттарының арқасында жеткендігінен хабардар етіп, адал ұрпақ тәрбиелеудегі басымдықтар бойынша өз пікірін білдірді.
Сұхбат соңында өзінен кейін өсіп келе жатқан жастарға кеңес беріп, сабылы, төзімді болып, еш қиындықтарға мойымай, алға қойған мақсаттарға жетуде аянбай еңбек етуге шақырды.

Jsk ақпарат