• 29 марта, 2024 7:41 дп

Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық конференциясы

Автор:admin

Авг 20, 2021

Жылдағы дәстүр бойынша 2021-2022 жаңа оқу жылы қарсаңында өткелі отырған Түркістан облысының педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланатын болады. Әрине, соңғы бір жарым жылдай уақытта қашықтан оқу барысында түрлі мәселелерге жаңаша қырынан қарауға тура келгені баршаға мәлім. Енді осы жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы толығырақ..

Конференция мақсаты – індет (постковид) жағдайында дәстүрлі оқу форматына оралудағы замануи оқыту әдістері мен бағдарламаларын игеру, білім беру сапасын арттыру, қажетті білім мен дағдыларды беру, функционалдық сауаттылық, сыни ойлауды дамытуды талқылау тетіктері тарқатылып айтылатын болады.
Кеңеске Түркістан облысының әкімінің бірінші орынбасары Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы, облыстық мәслихат хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары, тамыз кеңесінің қонақтары және БАҚ өкілдері қатысады. Бағдарламаға сәйкес 18-20 тамыз күндері 28 бағыттан тұратын секциялық отырыстар өткізілуде. Тамыз конференциясының күн тәртібіндегі негізгі баяндамасы 2020-2021 оқу жылында білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы болмақ.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтетін алқалы кеңесте білім саласындағы жаңа технологиялармен, озық тәжірибелерімен бөлісуге келген 60-қа жуық қонақтарымызға сөз беріледі. Кеңеске «ОНЛАЙН» жүйесі арқылы өңіріміздің барлық ұстаздары қатысуда.

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ
Еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Н. А. Назарбаев 2020 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізу туралы тапсырма берген.
Бүгінгі күні, Түркістан облысы бойынша жалпы мектепке дейінгі ұйымдар саны – 1427.
Оның ішінде: мемлекеттік – 267 (43520 бала), 1030 – жекеменшік балабақша (117352 бала). Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардағы 1-6 жас аралығында қамту 97%; 3-6 жас аралығында қамту 99,6% құрады.
2021 жылы қамтуды 100%-ға жеткізу үшін қосымша 4000 орын ашылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, норматив бойынша балабақшалардағы бір балаға төленетін төлем құны орта есеппен – 42 мың теңге болса, 2017 жылдан бері бюджет тапшылығына сәйкес облыста – 25 мың теңгеде төленіп келген.
Мәселелерді толық шешуге 26 млрд. теңге қаржы қажеттілігі туындауда.
Мәселе, республикалық бюджет есебінен шешіледі деп күтілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен қолдау тапты, Қаржы министрлігінде қаралуда.
Барлық мектепке дейінгі ұйымдар «Balabaqha snation.kz» автоматтандырылған жүйеcіне қосылған. Осы жүйе арқылы балаларды қабылдау, кезекке қою, жолдама беру мемлекеттік қызметтері жүзеге асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға оң септігін тигізуде.
Балалар қауіпсіздігіне жағдай жасау мақсатында облыстағы барлық мемлекеттік, жекеменшік балабақшалар бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамтылды.
Біз, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыра отырып мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін арттырдық. Ендігі кезде мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің сапасын көтеруге күш салуымыз қажет.
Басқарма мен әдістемелік орталықтың біріккен жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы:
 «Білім беру процесінде робототехника мен LEGO конструкторларын пайдалана отырып заманауи білім беру технологияларын енгізу»;
 «Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологиялармен әдістерді қолданудың өзектілігі»;
 «Ауыл балабақшасында жаңа технологиялар мен әдістерді дидактикалық ойындармен ойнатудың тиімділігі мен шарттары» семинарлары болып өтті.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Бақытты балалық шақ» республикалық (сырттай) байқауында Мақтаарал, Отырар аудандарының тәрбиеленушілері «Ойдың өзіндік ерекшілігі», «Шығармашылық орындау» (республикалық) номинацияларымен марапатталды.
Қазіргі таңда, облыстағы 1427 мектепке дейінгі ұйымның елдегі карантиндік ахуалға байланысты 1113-інде кезекші топтар ұйымдастырылуда (834 жекеменшік, 279 мемелекеттік), ал 314 балабақша қашықтан форматта жұмыс жасауда (32968).
Бұл жұмыстар бізге үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Себебі, басты орында бала денсаулығы екенін ескеріп біз, кезекші топтар ұйымдастырылған балабақшалардағы санитарлық талаптардың қатаң сақталуына аса мән беру қажетпіз.
ОРТА БІЛІМ
Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан облысы бойынша 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11 сыныпты 27944 оқушы бітірді.
Олардың 26650-і, яғни, 95%-ы (2020ж. – 18111 (73%)) ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды.
1856 (2020ж. – 1546) түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 1369 (2020ж. – 1245) түлек ерекше үлгідегі Үздік аттестат иегері атанды.
2020-2021 оқу жылында Оқушыларымыз халықаралық, республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралуда:
 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық кезеңіне 25-і жүлделі: 7 күміс және 18 қола медальдарды иеленді.
 Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсында 6 оқушы ҚР Білім және ғылым министрінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.
 «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының бірінші лектегі қола медальмен 81, екінші лектегі қола медальмен 188 оқушы марапатталды.
 2021 жылдың мамыр айында Британдық Oscar Education білім орталығының ұсынысымен Түркістан облысының жасөспірімдерінің арасында Халықаралық Teen Eagle онлайн ағылшын тілі олимпиадасын өткізілді. Қатысқан 42 оқушының 9-ы алтын медаль, 6-ы күміс медаль, 4-і қола медаль алды. Ал, 11-і ынталандыру сертификатын, 6-ы белсенді қатысушылар ретінде марапатталды.
 Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Үздік педагог» байқауына 2020 жылы 8 мұғалім облыстық кезеңінде үздік деп танылып 850 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды, 2 мұғалім республикалық кезеңінде жеңімпаз атанып 1 млн 278 мың теңге сыйақы алды.
 2021 жылы «Үздік педагог» атағын беру конкурсында облыстың 11 мұғалімі үздік деп танылып, жұмыстары республикалық байқауға жолданды.
 Республика көлемінде «Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі» тізіміне Кентау қаласы Білім-инновация лицейі, Түлкібас ауданы М. Ломоносов атындағы мектеп-гиназиясы, Төлеби ауданы «Ақбастау» жалпы орта мектебі кірді.
Өткен оқу жылында PISA-2022 апробациясына қатысу үшін іріктелген және оларды алмастыратын білім беру ұйымдарының апробациясы өткізілді. Облыс бойынша 5 білім беру ұйымының 175 білім алушы ҰББДҚ (НОБД) арқылы іріктеліп, қатыстырылды. Бұл халықаралық зерттеудің негізгі кезеңі 2022 жылы сәуір айында өткізіледі.

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ:
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында облыс әкімдігімен 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес биыл 108 мектептің кітапханасын модернизациялау қолға алынды.
Сонымен қатар, кітапхана қорын цифрландыру мақсатында ESEP SmartNation жүйесін мектеп кітапханаларына қосуға облыстық бюджетке сұраныс беріліп отыр.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап, толықтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акциясы жарияланған. Акция аясында 17 974 көркем әдебиет жиналды. Акция жыл бойы жалғасын табады.

Жалпы, жаңа оқу жылында облыста 919 мектеп жұмыс істейді. Санитариялық қағидаларды сақтай отырып дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.
1 қыркүйекте өтетін іс-шарада алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» мен «Букварь» оқулығы табысталатын болады.
Жаңа оқу жылында біздің оқушыларымыз тек мектеп формасында ғана емес сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешімді қабылдадық. Бұл шешім тек қана осы оқу жылы үшін ғана қабылданды.
Облыстың білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында сырқаттанған оқушы саны көбейген жағдайда сол сынып оқушылары онлайн білім беру форматына ауысатын болады.
Онлайн форматқа ауысатын жағдай туындаса жалпы білім беру ұйымдары өткен оқу жылындағы онлайн форматта білім алу жүйесіндегі тәжірибесіне сүйене отырып, биылғы оқу жылында барлық білім беру ұйымдары қашықтан жұмыс жасауға дайын. Интернет желісі облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс жасауда.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары компьютерлермен жабдықталған. Ал, оқушылардың компьютерлермен қамтамасыз етілу деңгейін атап айтар болсақ.

КОМПЬЮТЕРЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:
Өздеріңізге мәлім, өткен оқу жылында елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алды. Қашықтан білім беру форматына көшуге шешім қабылдаған уақыттан бастап мектептердегі компьютерлерге қажеттілікті өтеу үшін ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 7711 планшет, 5952 компьютер, 43527 ноутбук, барлығы 57190 компьютер сатып алынды.
Сондай-ақ, 24317 компьютер мектеп қорынан,2339 компьютерлік құрылғы жергілікті бюджет есебінен, 1445 компьютер «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен оқушыларға берілді.
Облыс бойынша компьютерлер саны 85291 компьютерге көбейіп, 1 компьютерге келетін бала саны 5,9 құрады.

БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ
Қашықтан оқытуды жүйелі ұйымдастыру және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бағдарламаларын табысты іске асыруда облыс педагогтарына, оқушыларға, ата-аналарға арналған әдістемелік жұмыстар жүргізілді.
Ең алдымен, мұғалімдердің ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту үшін, педагогтерге өз пәні бойынша білім контентін жасауда көмек көрсету мақсатында 500-ге жуық жалпы пәндер бойынша бейнесабақтар түсірілді.
2020-2021 оқу жылында мынадай қашықтан оқыту платформалары қолданылды:
«Күнделік» – 918 мектеп қосылған, ол 99,9%-ды құрайды. (69646-мұғалім, 533953-оқушы, 363793-ата-ана);
«Online-mektep» – 494 мектеп , немесе, 53,8%. қосылған (оқушылар – 298 193, мұғалім – 41917);
«Daryn-online» – 285 мектеп, немесе, 31% қосылған. (оқушылар – 204 282, мұғалімдердің – 9 121).
Биылғы оқу жылын дәстүрлі оқу форматында бастаған жағдайда да, бұл онлайн білім білім беру платформаларының контенті маңызды болып қалады, күнделікті сабақта қатар қолданылатын болады. Оны білім алушылар мен педагогтер үшін барынша қолжетімді етуді қадағалайтын боламыз.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Түркістан облысының жалпы білім саласына 387 млрд. 511 млн. 400 мың теңге (мектепке дейінгі білім беру 54 млрд. 259 млн. 900 мың теңге, жалпы орта білім беру — 307 млрд. 678 млн. 100 мың теңге, техникалық және кәсіптік білім беру – 25 млрд. 573 млн. 4 мың), қаралды оның ішінде:
— республикалық бюджеттен – 171 млрд. 803,9 млн. теңге;
— жергілікті бюджеттен 215 млрд. 707 млн. теңге;
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
2021 жылы облыс бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» салынып, осы оқу жылына пайдалануға берілсе, қосымша, тағы 700 орындық мамандандырылған дарын мектебінің құрылысы жүргізілуде.
Облыстағы 6 апатты және 4 үш ауысымды мектептің мәселесі 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешімін табады.
2025 жылға қарай өңірде 130 мектеп салынады.
Жыл соңына дейін, 44 мектеп пайдалануға беріледі.
1 қыркүйекте оның 17-сі пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, облысымыздың Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Төлеби, Жетісай аудандарының орталығынан «BI GROUP» компаниясы есебінен 4 заманауи мектеп құрылысы жүргізіледі.

Jsk ақпарат

Автор: admin