• 19 апреля, 2024 5:25 дп

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштер қабылдау басталды

Автор:admin

Авг 17, 2021

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, оның аумақтық бөлімшелерінде және жергілікті атқарушы органдарда энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштер қабылдау басталды. Өтініштерді қабылдау жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. «Электрондық үкімет» веб-порталының жұмыс графигі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, 15 тамыз сағат 09:00-ден 30 қыркүйек сағат 18:30-ға дейін тәулік бойы (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша). Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесімен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010516 сілтеме бойынша танысуға болады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 220 бұйрығына сәйкес «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес өзгертулер енгізілгендігін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегi № 220 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023259#z19 сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: admin