• 27 февраля, 2024 11:49 пп

БҰЛ САЙЛАУ ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ, ҚУАНЫШТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЛСЫН — 107 ЖАСТАҒЫ ОРДАБАСЫЛЫҚ ӘЖЕЙ ДАУЫС БЕРДІ

Автор:admin

Мар 19, 2023

Алдын ала берілген өтініш негізінде Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы №455 учаскенің сайлау комиссиясының мүшелері тасымалдайтын жәшікпен 107 жастағы Шамбек Рахманова әжейдің шаңырағында болды. Ғасыр жасаған Шамбек әжейдің дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

— Мына сайлау – жақсылықтардың, қуаныштардың бастамасы болсын! Лайым еліміз аман, жұртымыз тыныш, әрдайым бейбіт заман бола бергей», — деп ақ батасын берді.

Әжей жастық шағын Ұлы Отан соғысы жылдары тылда өткеріп, кейіннен кеңшарда жұмыс істеген. Шамбек Сатенқызы 1936 жылы тұрмыс құрып, 10 баланы өсірген көпбалалы ана. Бүгінгі таңда олардан 29 немере, 69 шөбере, 15 шөпшек сүйіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin