• 25 апреля, 2024 4:03 дп

САЙЛАУ: АМЕРИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ КӨРМЕГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Елімізде өтіп жатқан саяси доданы шетелдерден келген тәуелсіз бақылаушылар бақылап отыр. Сауран ауданы, Жүйнек ауыл округіне қарасты 75 сайлау учаскесінде америкалық бақылаушылар отыр.

Бүгін аудандағы барлық сайлау үйлерінде аудандық кітапхана ұжымы таңдаулы кітаптардан көрме ұсынды. Бақылаушылар Жүйнек ауылындағы «Жаңа Қазақстан» деп аталатын көрмеге қызығушылық танытты. Олар әсіресе, Ежелгі Сауранның тарихына қатты таңданды. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Сауранның ежелгі мәдениеті мен онда мекен еткен қолөнершілердің, хандар мен билердің тарихына қатысты алуан түрлі сұрақтар қойды.

Көрмені ұйымдастырған кітапханашы Д.Абдуманапова америкалықтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Сауран ауданы бойынша халық сайлауға белсенді қатысып жатыр. Жағдай тұрақты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin