• 28 марта, 2024 8:10 пп

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР САЙЛАУҒА КЕЛГЕН АЗАМАТТАРҒА НАУРЫЗКӨЖЕ, БАУЫРСАҚ ҰСЫНЫП, ШАШУ ШАШТЫ

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Жетісай қаласында орналасқан №194 сайлау учаскесінде қала тұрғындарының белсенділігі жоғары.

Бәрі де ел болашағының жарқын болуына сенімді түрде өз таңдауларын жасап жатыр. Саяси науқанда жетісайлық әжелер сайлау учаскесіне шашу шашып, дауыс беруге келген сайлаушыларға наурыз көже мен бауырсақ ұсынды.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім мен ғылымды жанына серік еткен аяулы жандар зейнеткерлікке шықса да қоғамдық істерден қол үзбей елдегі жаңалықтардан хабардар болып жүр.

«Бүгінде ешкімнен кем емеспіз, еліміз тыныш, қарнымыз тоқ. Шүкіршілік етуіміз керек. Әрбір игі бастамада халық болып, демеу жасау – азаматтық парызымыз. Біз өз таңдауымызды жасадық. Елдің ертеңі үшін дауыс бердік. Дамыған қоғамда ешқандай мұқтаждықсыз өмір сүру үшін белсенділік танытып, сайлауға қатысуға атсалысып жүрміз», — дейді ақ жаулықты аналар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin