26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Есірткіге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында есірткі жарнамалары бейнеленген заттарды саудаламау бойынша кең көлемді профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ердәулет Пардахожаевич Садықов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары қатысты.
Акция барысында жастарға, тұрғындар мен кәсіпкерлерге есірткінің қоғамға тигізер зияны, оның адам денсаулығына және психологиялық жағдайына кері әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар заңсыз жарнаманың салдары мен мұндай әрекеттер үшін қарастырылған құқықтық жауапкершілік түсіндірілді.
Мамандар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және бос уақытты тиімді өткізуге шақырды. Мұндай профилактикалық шаралар жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға және қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
***
МОЛОДЕЖЬ ЗА ЖИЗНЬ БЕЗ НАРКОТИКОВ – СВЕТЛОЕ БУДУЩЕЕ**
В городе Шымкент в рамках Международного дня борьбы с наркоманией 26 июня была проведена акция «Нет наркотикам», направленная на популяризацию здорового образа жизни среди молодежи и усиление профилактической работы.
В ходе акции проведены разъяснительные мероприятия по недопущению продажи товаров с изображениями и символикой, пропагандирующей наркотические вещества.
В мероприятии приняли участие старший оперуполномоченный Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции города Шымкента, майор полиции Ердаулет Пардахожаевич Садықов, а также специалисты КГУ «Молодежный ресурсный центр».
В ходе встречи молодежи, жителям и предпринимателям разъяснили вред наркотических веществ для общества, их негативное влияние на здоровье и психоэмоциональное состояние человека. Также была доведена информация о правовых последствиях незаконной рекламы и распространения подобных материалов.
Специалисты призвали молодежь вести здоровый образ жизни, избегать вредных привычек и активно заниматься полезной деятельностью. Подобные мероприятия направлены на профилактику правонарушений среди молодежи и формирование антинаркотической культуры в обществе.
Jsk ақпараттық агенттігі
