• 23.06.2026 18:18

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:jsk.kz

Июн 22, 2026

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру және патриоттық тәрбие беру мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы, Шымкент қаласы Полиция департаменті және «Бүркіт» арнайы жасағы бірлесіп өткізді. Экскурсия Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Кинология қызмет орталығында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жастар кинология қызметінің күнделікті жұмысымен танысып, арнайы үйретілген қызметтік иттердің дайындығы мен жұмыс қабілетін тамашалады. Сонымен қатар құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері, кинолог мамандарының атқаратын міндеттері және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқық қорғау органдарына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың отансүйгіштік сезімін нығайтуға және болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шараға М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің студенттері қатысты. Жастарға арнайы экскурсия барысында құқық қорғау жүйесінің ашықтығы мен заманауи жұмыс тәсілдері көрсетілді.

 

***

 

ПРОВЕДЕНА ПОЗНАВАТЕЛЬНАЯ ЭКСКУРСИЯ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ К МЕЖДУНАРОДНОМУ ДНЮ БОРЬБЫ С НАРКОМАНИЕЙ**

 

В преддверии Международного дня борьбы с наркоманией в городе Шымкент была организована познавательная экскурсия для молодежи, направленная на популяризацию здорового образа жизни, повышение правовой культуры и патриотическое воспитание.

Мероприятие было организовано совместно Молодежным ресурсным центром города Шымкента, Департаментом полиции города Шымкента и специальным подразделением «Бүркіт». Экскурсия прошла в Центре кинологической службы при Департаменте полиции города Шымкента.

В ходе мероприятия молодежь ознакомилась с деятельностью кинологической службы, а также наблюдала за подготовкой и работой специально обученных служебных собак. Участникам рассказали об особенностях службы в правоохранительных органах, роли кинологов в обеспечении общественной безопасности.

Подобные мероприятия способствуют формированию интереса молодежи к службе в правоохранительных органах, укреплению патриотических чувств и правильному профессиональному ориентированию.

В экскурсии приняли участие студенты Шымкентского транспортного колледжа ALT имени М. Тынышпаева. Молодежи были продемонстрированы современные методы работы правоохранительной системы и открытость службы.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz