• 19 апреля, 2024 8:52 пп

«AMANAT»: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Автор:admin

Апр 22, 2022

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының төрағалығымен партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде бір мәселе қаралып, партияның кезектен тыс ХХІІI Съезіне Шымкент қаласынан қатысатын делегаттар анықталды. «AMANAT» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы Съезге қатысатын өңір делегаттары туралы хабарлама жасады.

Отырысқа Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов және партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес ашық дауыспен «AMANAT»партиясының кезектен тыс ХХІІI Съезіне 12 делегат сайланды. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.

— «Еліміз дамудың жаңа кезеңіне – Жаңа Қазақстанға аяқ басты. Мұндай жағдайда сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Осы тұста «АMАNАТ» партиясы Президенттің жүйелі және кең ауқымды реформаларын толығымен қолдап, осы жауапкершілікті терең сезініп, бірлесіп жұмыс ақтарамыз деген сенімдемін», — М.Әйтенов.

Автор: admin