• Сб. Июн 25th, 2022

AMANAT: САРЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЗДАР МЕН ДӘРІГЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ТАҢДАУ ЖАСАУҒА ДАЙЫН

Автор:admin

Июн 2, 2022
Spread the love

 

Референдумды насихаттау шаралары жалғасуда. «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық және облыстық штаб мүшелері бүгін Сарыағаш ауданында болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, аймақтық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев мемлекетті басқару бағытына өзгеріс енетін шақта халықпен кездесулер өткізді.

Жиындарға облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов және Ж.Әбдібаев, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, аудандық мәслихат депутаттары да қатысып, жергілікті тұрғындарды ақпараттандыруға атсалысты.

Штаб мүшелері Дербісек, Жарты төбе ауыл округтерінің тұрғындарымен, аудандық орталық аурухана және кітапхана ұжымымен кездесті. Онда халықтың таңдауы арқылы өзгеріске енгелі тұрған Конституция талқыға салынды. Жылға ауылдық округінде білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен өткен басқосуда реформалар жиынтығы тарқатып айтылды.

— Қоғамдағы өзекті тақырыптар мен мәселелер Мемлекет басшысының үнемі назарында болды. Осыған байланысты реформалар жиынтығында халыққа да, билікке де тиімді мүмкіндіктер қарастырылды. Ақпарат құралдарында кеңірек жарияланғанымен жіті ұғына алмайтын жағдайлар кездеседі. Мейлінше қарапайым әрі түсінікті сөздермен жеткізу үшін ел аралап, міне бүгін ауданға арнайы келдік. Бұл референдум халықтың үнінен туындағандықтан сіздермен пікірлесу, ұсыныстарыңызды тыңдау біз үшін маңызды, — деді Д.Мыңбай.

Кездесулер барысында Б.Тәжібаев та азаматтарды саяси өзгерістермен құлағдандырып, дауыс беруге шақырды.

— Байқаған боларсыздар, аталған процесстер Ел Президентінің өзінен бастау алды. Реформалар жиынтығында көрсетілгендей өзінің өкілеттігін шектеді. Ең бастысы ешкімде артықшылық болмауы керек деген қағида бар. Оны өзінің Жолдауында да айтып өтті. Парламент палаталарынан бастап, мәслихат, ауыл әкімдерін сайлауда аралас сайлау жүйесін енгізу көзделуде. Бұл елді көркейтемін деген азаматтарға жол ашылады. Сондықтан «Жаңа Қазақстанның» ертеңі үшін баршамыз референдумға белсенділікпен қатысқанымыз дұрыс, — деді облыстық штаб төрағасы.

Еске салайық, билік өкілдері мен халықтың арасындағы диалог орнату, яғни барлық деңгейдегі штабтардың жұмысы 3 маусымға дейін жалғасады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі