• 26 апреля, 2024 3:12 пп

ШЫМКЕНТТІҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Июн 2, 2022

 

Өңіріміздегі шағын және орта кәсіп нысандарын басқаратын әйелдер қатары артып келеді. Олар бүгінде түрлі кәсіп көзін ашып, жетістіктерге жетіп отыр. Бүгін осындай көпке үлгі болар кәсіпкер әйелдермен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Рашкүл Оспаналиева, Қайрат Сүлейменов, Жадыра Таңатарова, қоғам белсендісі, журналист Бейсенкүл Нарымбетова, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев, партияның Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова кездесті.

Жиналғандар референдумның мән-маңызын түсіндіріп, әйелдер кәсіпкерлігінің бүгінін сарапқа салып, болашағы үшін тағы не істеуге болады деген мәселелер қарастырды.

— «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты деп атап өткен еді. Қазірдің өзінде бұл бағыттағы тірлік айтарлықтай жүзеге асуда. Әйелдер қауымы жыл сайын еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, мемлекеттік басқаруға, шешімдер қабылдауға қатысып жатыр. Еліміз үшін шешуші кезеңде сіздер шет қалмайсыздар деген сенімдеміз»,-деді Рашкүл Оспаналиева.

Айта кетейік, жиын өткен «Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсету фронт-офисінде кәсіпкерлер бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап жобаны пайдалануға беруге дейінгі қызмет түрлерін алады. Оның ішінде барлық рұқсат беру құжаттарын қаржыландыру және рәсімдеу бойынша көмек көрсетеді.

Автор: admin