• 06.08.2026 12:25

Кентау қаласы, Қарнақ елді мекенінде заманауи үлгідегі «Достық үйі» ашылды

Автор:jsk.kz

Авг 6, 2026

Кентау қаласына қарасты Қарнақ елді мекенінде ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған заманауи үлгідегі «Достық үйі» ғимараты салтанатты түрде ел игілігіне пайдалануға берілді.
Маңызды әлеуметтік нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын осынау айтулы қуанышпен құттықтады.
Мемлекет басшылығының қолдауымен бой көтерген жаңа ғимарат Қарнақ елді мекеніндегі қоғамдық-мәдени өмірдің орталығына айналмақ. Бұл жерде түрлі этнос өкілдерінің басын қосып, салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін дамытуға жан-жақты жағдай жасалған. «Достық үйі» заманауи талаптарға сай жабдықталып, мұнда түрлі мәдени іс-шараларды, қоғамдық жиындар мен кездесулерді өткізуге арналған кең залдар қарастырылған. Өңірдегі қоғамдық келісімді сақтау, жастарды патриотизмге тәрбиелеу және түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара түсіністікті нығайту. Ашылу салтанатынан кейін облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа нысанды толық аралап шықты. Ол ғимараттың ішкі жабдықталуымен, кабинеттердің жұмысымен танысып, мұндағы жасалған жағдайларға оң бағасын берді. Сапар соңында Нұралхан Көшеров нысанның ұжымына сәттілік тілеп, ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі. Бұл бастама өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік-мәдени белсенділігін арттырып, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға тың серпін бермек.
Jsk ақпарат

Автор: jsk.kz