• 23.06.2026 18:17

ЖАСТАР ҮШІН «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА ШЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:jsk.kz

Июн 23, 2026

Шымкент қаласында жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Таза Шым» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара М. Тынышбаев атындағы колледждің студент-жастарының қатысуымен өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға баулу болып табылады.

Іс-шара барысында мамандар жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, қала тазалығын сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу аясында қатысушыларға қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар айтылып, жастардың бастамаларын қолдау және экологиялық акцияларға белсенді қатысу қажеттілігі түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық санасын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» идеясын ілгерілетуге ықпал етеді.

 

***

 

 

В РАМКАХ ПРИНЦИПА «ЗАКОН И ПОРЯДОК» СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С МОЛОДЕЖЬЮ НА ТЕМУ «ЧИСТЫЙ ШЫМ»

 

В городе Шымкент в рамках принципа «Закон и порядок» состоялась содержательная встреча на тему «Чистый Шым», направленная на формирование экологической культуры, повышение правовой грамотности и укрепление общественного порядка среди молодежи. Мероприятие прошло с участием студентов колледжа имени М. Тынышпаева.

Основная цель встречи – привлечение молодежи к вопросам охраны окружающей среды, поддержания чистоты города и формирования чувства социальной ответственности.

В ходе мероприятия специалисты разъяснили молодежи важность экологической культуры и подчеркнули ответственность каждого гражданина за состояние окружающей среды. Также были обсуждены вопросы поддержания чистоты в городе, соблюдения общественного порядка и профилактики правонарушений.

Участникам были представлены предложения по улучшению экологической ситуации в городе, а также подчеркнута необходимость активного участия молодежи в экологических инициативах и акциях.

Подобные мероприятия способствуют формированию экологического сознания молодежи, развитию правовой культуры и продвижению идеи «Чистый Казахстан».

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz