• 23.06.2026 17:02

ЖАСТАР ҮШІН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Автор:jsk.kz

Июн 23, 2026

Шымкент қаласында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара жол-көлік колледжінің студенттерімен өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ердәулет Пардахожаевич Садыков және Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының заңгері Нұрлан Әлжанұлы Мырзабай қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, заң талаптарын сақтау және құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар студенттерге заңды бұзудың салдары туралы жан-жақты түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға деген құрметін қалыптастыруға және қоғам қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

 

***

 

«ЗАКОН И ПОРЯДОК» – ГАРАНТ ОБЩЕСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

 

В городе Шымкент в рамках принципа «Закон и порядок» была организована познавательная встреча со студентами дорожного колледжа, направленная на формирование правовой культуры и профилактику правонарушений среди молодежи.

Основная цель мероприятия – повышение правовой грамотности молодежи, разъяснение требований законодательства и формирование чувства ответственности в обществе.

В мероприятии приняли участие старший оперуполномоченный по особо важным делам Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции города Шымкента Ердаулет Пардахожаевич Садыков и юрист Палаты юридических консультантов города Шымкента Нурлан Альжанович Мырзабай.

В ходе встречи были обсуждены вопросы профилактики правонарушений среди молодежи, противодействия наркопреступности, соблюдения законодательства и правовой ответственности. Специалисты подробно разъяснили студентам последствия нарушения закона и ответили на их вопросы.

Подобные мероприятия способствуют повышению правовой культуры молодежи, формированию уважения к закону и укреплению общественной безопасности.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz