• 23.06.2026 18:44

ЖАСТАР ҮШІН «ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:jsk.kz

Июн 23, 2026

Шымкент қаласында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды білу — заман талабы» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға заң талаптарын түсіндіру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Кездесу барысында мамандар жастарға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, заң талаптарын сақтаудың қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың салдары мен құқықтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін арттыруға, заңға құрметпен қарау дағдысын қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

 

***

 

ВСТРЕЧА НА ТЕМУ «ЗНАТЬ ЗАКОН — ТРЕБОВАНИЕ ВРЕМЕНИ» ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

 

В городе Шымкент в рамках принципа «Закон и порядок» состоялась содержательная встреча на тему «Знать закон — требование времени», направленная на повышение правовой грамотности молодежи.

Основная цель мероприятия — разъяснение норм законодательства, профилактика правонарушений и формирование у молодежи чувства ответственности перед обществом.

В ходе встречи специалисты рассказали молодежи о важности правовой грамотности, роли соблюдения закона в обеспечении общественной стабильности, а также подробно разъяснили последствия правонарушений и меры юридической ответственности.

Подобные мероприятия способствуют повышению правовой культуры молодежи, формированию уважения к закону и укреплению общественной безопасности.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz