• 23.06.2026 17:26

ЖАСТАР ҮШІН ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:jsk.kz

Июн 23, 2026

Шымкент қаласында жастардың діни сауаттылығын арттыру және қоғамда радикалды идеологиялардың алдын алу мақсатында Шәмші Қалдаяқов саябағында «Жат діни ағымдардан қорғану және алдын алу тәсілдері, кереғар діни идеологиялардың ықпалынан сақтау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлының қатысуымен ұйымдастырылды.

Түсіндіру жұмыстары барысында жастар мен қала тұрғындарына жат діни ағымдардың қауіптілігі, олардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зияны және одан сақтану жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар діни ақпараттық және жадынамалық парақшалар таратылып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Мамандар діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтіп, жастарды тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, радикалды ағымдардың алдын алуға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

 

 

***

 

ПРОВЕДЕНА РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ДЕСТРУКТИВНЫХ РЕЛИГИОЗНЫХ ТЕЧЕНИЙ

 

В городе Шымкент в целях повышения религиозной грамотности молодежи и профилактики радикальных идеологий в парке имени Шамши Калдаякова была проведена разъяснительная работа на тему «Способы защиты от деструктивных религиозных течений и предотвращение их влияния».

Мероприятие было организовано с участием теолога КГУ «Центр изучения религиозных вопросов» Уалихана Самата Шокановича.

В ходе разъяснительной работы молодежи и жителям города была представлена информация об опасности деструктивных религиозных течений, их негативном влиянии на общество и личность, а также о способах защиты от них. Участникам были розданы информационные и памятные буклеты, даны ответы на вопросы.

Специалисты подчеркнули важность повышения религиозной грамотности и призвали молодежь пользоваться только официальными и достоверными источниками информации.

Подобные профилактические мероприятия способствуют обеспечению духовной безопасности молодежи, предотвращению распространения радикальных идей и укреплению общественной стабильности.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz