• 26 апреля, 2024 9:06 пп

3 МЛН СЫЙАҚЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЕҢ СӘНДІ АУЛАЛАР МАРАПАТТАЛАДЫ

Автор:admin

Окт 6, 2022

Шымкентте «Менің гүлді аулам» атты гүлдер фестивалі өтеді. Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатында айтып өтті. Шымкент қаласының әкімдігі аталған фестивальді келер жылдың сәуір айында өткізуді жоспарлаған. Ал, 1 қазаннан бастап конкурсқа өтінім беру басталып кеткен.

Менің гүлді аулам – бұл көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс. Яғни, конкурсқа қатысушы тұрғындар ауланы көгалдандырып, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егіп, оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасап отыруы тиіс.


Одан өзге б
асты шарттардың бірі – гүлдердің 25%-ы қызғалдақ болуы қажет. Жалпы, қатысушы аула тұрғындары дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолданып, фестивальдің тақырыбын ашу қажет. Жеңімпаздар қомақты қаржымен марапатталады. Атап айтқанда, 1 орын — 3 млн., 2 орын — 1 млн. және 3 орын — 500 мың теңге. Айта кетерлігі, жеңімпаздар әр ауданнан бөлек таңдалады. Яғни, Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарынан үш жеңімпаздан болады. Өтінім беру – «visit-shymkent.kz» сайты арқылы жүреді.


Айта кетерлігі,
өткен жылдарда Шымкентте «Қызғалдақ жолы» атты гүлдер фестивалі өткен. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы бұл жолы фестивальге өзгерістер енгізіп, конкурс түрінде өткізуді жоспарлаған. Сондай-ақ, ауланы көгалдандыру, көркейту жұмысын да тұрғындардың өз қалауларына тапсырған. Күзде басталған жұмыстардың нәтижесі келер жылдың сәуір айында белгілі болады. Арнайы құрылған қазылар алқасы тиісті баға беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

Jsk ақпарат

КРИТЕРИЯЛАР:

 

1. Ауланы көгалдандыру, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егу және оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасау, кесу (отырғызылған гүлдердің 25 %-ы қызғалдақ болуы қажет және қызғалдақ жанында көпжылдық гүлдер отырғызылу қажет);

2. Тұрғындардың аула аумағында көгалдандыру, абаттандыру, тазалық пен тәртіп сақтау, сенбілік жасау, ауланы эстетикалық безендіру жұмыстарына белсене қатысуы;

3. Құрғақ және зақым келген ағаштардың болмауы;

4. Абаттандыру (аула аумағын сырлау, бояу, кіре-берістің (подъезд) жағдайына да мән беру және т.б);

5. Фестивальдің жалпы тақырыбын ашу;

6. Аумақта атқарылған жұмыстар бойынша презентация және әлеуметтік бейнеролик;

7. Дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолдану;

8. Суару жүйесі мен гүлзарларға күтім жасаудың оңтайлы шешімін табу;

9. Минералды тыңайтқыштарды қолдану;

10. Жалпы сметалық шығыс.

Автор: admin