Облыстық клиникалық ауруханада Түркістан облысында алғаш рет KANGDUO роботтандырылған хирургиялық жүйесінің көмегімен бірқатар күрделі операциялар сәтті орындалды.
Аурухана мамандары робот-ассистенттік технологияны бірнеше хирургиялық бағытта қолданды:
🔹 12 операция — өт қабы мен өт жолдарына;
🔹 2 нефрэктомия — бүйректі алып тастау операциясы;
🔹 1 реконструктивті операция — несепағарға;
🔹 2 гистерэктомия;
🔹 асқазан обыры бар науқасқа радикалды субтоталды асқазан резекциясы жасалды.
Робот-ассистенттік технологияларды енгізу Түркістан облысында жоғары технологиялық хирургиялық көмекті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, Облыстық клиникалық аурухана мамандарына заманауи операциялық әдістерді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда роботтандырылған хирургиялық жүйені ауруханаға сатып алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жүйені ауруханаға тұрақты түрде енгізу робот-ассистенттік хирургияны одан әрі дамытуға және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
