• 20 апреля, 2024 7:52 дп

№7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Автор:admin

Июл 7, 2022

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі сала өкілдерімен кездесулерін жалғастыруда.

Кезекті жиын №7 қалалық емхананың ұжымымен өтті. Іс-шараға қатысқан Департаменттің бас маманы Ж.Қамбар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді егжей-тегжейлі баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін дербес жауапкершілігіне тоқталды.
Сонымен қатар, спикер азаматтардың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғандығына қарамастан, денсаулық сақтау саласында жемқорлық тыйылмай отырғандығын жеткізді.
Осы ретте ұйымның іскерлік беделін қорғауға бағытталған комплаенс мамандарының қызметі, негізгі міндеттері, атқарылған жұмыстары талқылады.
Шара соңында Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жүйесі жайында ақпарат берді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты мәліметтерді Агенттіктің 1424 Call орталығына хабарлап айтуға болатыны ескертіліп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

Jsk ақпарат

Автор: admin