• 20 апреля, 2024 9:27 дп

өзін педагог ретінде таныстырған алаяқ оқушының телефонын ұрлап кеткен.

Автор:admin

Фев 22, 2023

Оралда Ол мектепте тексеріс болып жатқанын айтып, ұстауға болмайтынын ескертіп, оқушы телефонын алып алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

 

26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде өтіп бара жатқан 4 сынып оқушысын тоқтатып, педагог ретінде өзін таныстырған. Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын, кейін оқушыларға қайтарылатынын айтып ұялы телефонын өзіне алған. Күдікті бейнекамераға түсіп қалған.

“Алаяқтың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды. ҚР ҚК 190 бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр”,- делінген хабарламада.

Автор: admin