• 19 апреля, 2024 1:45 дп

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ: БИЫЛ АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТАДЫ

Автор:admin

Фев 20, 2023

 

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жыл сайын «АИТВ/ЖИТС, зорлық-зомбылық және дін» тақырыптарында түрлі кездесулер мен іс-шаралар өткізіліп келеді.

Тарқата айтқанда жастар арасында нашақорлықтың және АИТВ\ЖИТС-тің алдын алу мақсатында, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Полиция департаменттерімен бірлескен меморандумдар түзіліп, іс-шаралар жоспары жасақталып, бүгінде жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектептерде тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырылып келеді. Былтырғы жылы жастармен – 44 кездесу ұйымдастырылса, биыл жыл бұл көрсеткіш санын 2 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Жастар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен «Отбасы құндылығын» дәріптеу мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасы, Полиция департаменті, Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі қоғамдық бірлестігінің филиалы мен психолог мамандар бірлесіп, дөңгелек үстел, флешмоб және семинар-тренингтер ұйымдастырып, қаладағы оқу орындары мен жастар көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, 47 семинар-тренингтертер мен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл көрсеткішті былтырғы жылмен салыстырғанда 17%-ға арттыру көзделіп отыр.

Ал, Шымкент қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары жастары арасында диструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог мамандары, қалалық мешіттердің имамдары мен спорт саласы мамандарының қатысуымен былтыр — 127 кездесу өткізіліп, 8 045 жас қамтылған. Бүгінде аталған қызметкерлермен бірлесе отыра, діни ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында оқу орындарында аптасында 2-3 реттен кездесулер өткізілуде.

Автор: admin