• 5 мая, 2024 1:00 дп

Қаржылық басқару – бюджетті тімді пайдалану

Автор:admin

Апр 12, 2024

Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің негізгі мақсаты – жергілікті бюджеттердің бюджетпен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру болып табылады. Сондықтан республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттардың мақсатты және тиімді жұмсалуын аса жауапкершілікпен қамтамасыз ету керек. Бұл үшін облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерді атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар өз құзырларын толық пайдалана отырып және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді, бюджет қаражаттарының бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргізілетін түсімдерді еске ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтілетін көлемінің дұрыс анықталуын қамтамасыз етілуі тиіс. Қаржылық бақылау жұмысын жетілдіруде назар аударатын мәселелердің бірі – бақылау қорытындысымен анықталған зиян мен залалдардың бюджетке қайтарылуын толық қамтамасыз ету. Көп жағдайда анықталған қаржылық бұзушылықтың толық қалпына келтірілмейтіні тәжірибеде әлі де орын алған. Соның салдарынан бюджетке мардымсыз мөлшерде және ұзақ мерзімде қайтарылып, олардың тиімсіз жұмсалуына жол беріледі. Анықталған қаржы бұзушылықтардың сомасын бюджетке қайтару туралы соттың шешімдері болсада, олардың орындалуы әр түрлі қиындықтарға кездеседі. Бұл тек мемлекеттік бақылау органдарына тән мәселе емес, оның тетіктері жалпы Республика деңгейінде толық жауабын таппай отырған мәселе.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin