• 5 мая, 2024 8:34 дп

Бюджет қаражатын тиімді игеру

Автор:admin

Апр 12, 2024

Бюджет қаражаттарының жұмсалуындағы кемшіліктерге олардың жылдың қорытындысында толық игерілмеуін жатқызуға болады. Бюджет қаражаттарының игерілмеуінің негізгі себептері мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің, яғни тиісті құжаттардың дайын болмауынан және өз уақытында өткізілмеуінен. Бұл жағдай қажетті құрал-жабдықтардың, дәрі-дәрмектің,азық түліктің, басқада материалдық құндылықтардың сатып алынбай қалуына және құрылыс объектілерінің жоспарланған мерзімінде пайдалануға берілмеуіне, тиістіқызметтердің дер кезінде көрсетілмеуіне жол беріліп, бөлінген бюджет қаражаттарының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» заңына жоғарыда аталған олқылықтарды болдырмайтындай өзгерістер енгізіліп, оларды орындамаған жағдайдағы жауапкершілікті нақтылап, қүшейту керек. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, облыстың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган, орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері жатады. Қазіргі уақытта осы аталған мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өз құзіреттеріне сай бюджет қаражаттарының дұрыс жұмсалуына бақылау жұмыстарын бір — бірімен өз дәрежесінде үйлестірмей, әр орган өздері бекіткен жоспарлары бойынша жүргізуде. Бұл бақылау органдарының тексеру жұмыстарын жүргізудегі бір-бірінің функцияларын қайталауларына жол беріп, бір мекемеге бірнеше органның тексерулер жүргізуіне мүмкіншілік туғызуда.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin