• 5 мая, 2024 7:31 пп

ҚАЛА ӘКІМІ «ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ» БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Янв 18, 2024

 

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжіне» барып, мәселелерімен танысты.

🔷 Аталған колледжде 1121 студент күндізгі бөлімде білім алады. Кадрларды даярлау «тоқыма өндірісі» мен «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша жүргізіледі. Дуалды оқыту бағытында 527 студент білімін жетілдіруде. Оқу орны 15 кәсіпорынмен келісімшарт жасаған. Сондай-ақ «Жас маман» жобасы аясында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Құзыреттік орталығы ашылған. Мұнда 10 оқу-өндірістік шеберханасы жұмыс атқарады. Орталық 1 ауысымда 200 баланы қамти алады.

🔷 Колледжде оқу үдерісін ұйымдастыру үшін 5 оқу ғимараты жұмыс істеуде. Бұл ретте оқу процесіне пайдаланатын ғимараттың 3-қабаты жекеменшік иелігінде. Мәселемен танысқан қала әкімі жауаптыларға жекеге өтіп кеткен меншікті мемлекет иелігіне қайтару бойынша тапсырма міндеттеді.

Автор: admin