• 19 апреля, 2024 7:59 дп

Шырайлы шаһар тынысы: Депутаттар жастармен жүздесті

Автор:admin

Июн 1, 2022

Еліміздің тұрақты дамуының үздіксіз үдерісіне оң ықпал етіп келе жатқан ол әрине жастар. Сондықтан жастарға мемлекетіміздің айрықша көңіл бөлетіні қуантады.  Бүгінгі таңдағы Қазақстанның халық саны 19 миллионнан асқан және 4,2 миллион адам  (немесе 23 пайыздан жоғары) жалпы алғанда – бұл 14 жас пен 29 жастар аралығындағы жастар екені баршамызға мәлім. Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді. Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды көрсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді. Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді. Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми көрсеткіштерге сүйенсек, еліміздің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Ескере кететін жәйт, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары. Қаламыздың жастар саясаты да айрықша дамып келе жатқан секторлардың бірі. Халық қалаулылары ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен Ә.Құртаев студент жастармен жолығып Конституциялық реформалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталып, оқытушылар, жастардың сауалдарына жауап берді.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында толайым табыстарға жеттік. Алдағы бүкілхалықтық референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Конституцияға өзгеріс енгізу халықтың тұрмыс-тіршілігіне, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей қатысты. Бұл орайда ел азаматтарының санасы жаңғыруы қажет. Жастар білімді, елжанды азамат болуы тиіс, – деді Ә.Бектаев. Сондай-ақ, Ә.Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін, қоғамдық-саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды. Жиын соңында жастар көкейдегі толғандырған сауалдарын қойды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады.

Jsk ақпарат

Автор: admin