• 29 марта, 2024 9:07 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БҮЛДІРШІНДЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК СЫЙ ТАРТУ ЕТТІ

Автор:admin

Июн 1, 2022

Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.52693Балаларды қорғау күнінде қорғау шаралары ғана емес олардың көңіл-күйлерін көтеру концерттері де болады. Бұл мереке балалардың асыға күтетін  мерекесі. Себебі,жыл сайын бұл мерекеде бүлдіршіндерді қуанту үшін іс-шаралар өткізіледі. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балаларға жастайынан жақсы тәрбие беруіміз керек. Балалар күнінде де осы тақырыпты қозғайды. Сонымен қатар осы мерекеде өте қызықты іс-шаралар болады.Балаларды қорғай білейік. Шырайлы Шымкент қаласының  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым балаларды қоғау күніне орай «Балалық шақ – бақытты аспан астында» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, балалар мен ата-аналардың назарына ұсынылып өтті. Концерт қоғамдағы ерекше балалардың және олардың ата-анасының  көңіл-күйін көтеру және дарынды бүлдіршіндерді көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

— Халықаралық балаларды қорғау күні — бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап ғана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін күн. Бүгінгі концертке «Жігер» қоғамдық бірлестігі мен №7 оңалту орталығының бүлдіршіндері қатысты. Концерттік бағдарлама барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй, ерекше сыйлықтар сыйлап, тәттілермен қуантпақпыз. Әл-Фараби ауданында 180 мүмкіндігі шектеулі бала бар, — дейді Әл-Фараби аудандық жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Қайыржан Қайратұлы.

Салтанатты шара барысында демеушілердің қолдауымен ерекше балаларға базарлық үлестірілді.

— Бүлдіршіндердің жүзінен күлкі көру — біз үшін бақыт. Осы мақсатта игі бастаманы қолдап, бірқатар азаматтар бүгін салтанатты шараға қатысып, өз үлестерін қосты. Олардың балаларға деген қамқорлығы ерекше қуантып отыр, -дейді іс-шара демеушілерінің бірі Айгүл Кеңесқызы.

Әуезді ән шырқалып, мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болған балалар мерекелік концерттен ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Jsk ақпарат

Автор: admin