• 25 апреля, 2024 3:31 дп

ШЫМКЕНТ: 276-ОРАМҒА САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Сен 5, 2022

Тәуелсіздік еліміздің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оның әлемдік экономикалық жүйеге қосылуына, бұрынғыдай Кеңес Одағының құра­мын­дағы шеткері бір өңір емес, Еуропа мен Азияны байланыстырушы кіндік ел бо­луына қызмет етуде. Бұл жағдай ел хал­қын үлкен өзгерістерге бас­тап, кен­желеп дамуымыздағы көп ғасырлық мешеуліктің көбе­сін сөкті. Демек ор­наласқан гео­графиялық орнына бай­ланыс­ты Қазақстанның қазіргі жедел дамуы­ның бір сыры – салынып жат­қан инфрақұрылымдарда, яғни эко­но­микалық ағзамызға қан жеткізіп, оны сыртпен байланыстыруға сенімді жол ашатын тәуелсіздік магис­траль­дарында тұр деп есептейміз.

Енді осы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға келейік. Сөз болып отырған «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын салуға баса көңіл бөлінген. Еліміздегі жалпы пайдаланудағы 96,3 мың шақырым жолдың 23,9 мың шақырымын республикалық маңыздағы жолдар, қалғанын жергілікті маңыздағы жолдар құрайды.

2010 жылдан бері рес­пуб­­лика­лық маңыз­­дағы жол­дардың 5 мың шақы­рымы күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жаң­ғырды. Соның нәтижесінде аталған жол­­дар­дың 85 пайызының сапасы қа­нағат­танарлық дең­гейге жет­кі­зілді. Мұның сыртында, елімізде Батыс Қытай – Ба­тыс Еуропа жо­­лының салын­ғандығы белгілі.

Енді 2017-2020 жылдар ара­­лы­­ғында 4,4 мың ша­қы­рым жол қайта жаң­ғыр­ты­латын болады. Осы мақсат­та әзірленген 23 жобаның жал­пы құны 1,7 трлн теңге тұ­рады. Бұл қаржы­ның 356,2 млрд теңгесі биылғы жыл­­дың жұмыстары үшін­ бөлінген еді. 1 қара­ша­дағы мәлімет бойынша қар­жының 223,6 млрд тең­гесі игерілді. Игерілген қар­­жы­ның тең жар­тысы Ұлт­тық қор­дан алын­­ған­ды­ғын айта кет­кен жөн. Шымкенттегі Сәуле шағын ауданы, 276-орам тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген тұрғындар мәселесі шешімін тапты.  Енді олар 1 кВт электр энергиясы үшін бұрынғыдай 28 тг емес, 16 тг төлейтін болады.

Мұнда 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желісі тартылды. Нәтижесінде 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туды.

Осындай ізгі іске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері куә болды. Ал, халық жүрекжарды лебіздерін жолдап, алғыс айтты.

Жалпы 276-орамды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды. Өткен жылы ауыз су құбырларын тарту аяқталған. Ал биыл табиғи газ жеткізуде 28 шақырымдық құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin