• 19 марта, 2024 11:34 дп

Шымкент: Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

Автор:admin

Сен 29, 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға насихаттау мақсатында, Ақжар шағынауданы 122-жалпы орта мектебінде елді мекен тұрғындарына арнап кездесу өткізілді. Кездесуде қалалық қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен бірлесе талқыланды.
Сондай-ақ, жиын барысында тұрғындарды ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды бірлесе құруға, белгілеген жұмысты өз деңгейінде атқаруға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, бұл міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Автор: admin