• 18 апреля, 2024 5:51 пп

ШЫМКЕНТ: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ДА ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Автор:admin

Сен 7, 2022

Азаматтық қоғам — әлеуметтік прогресс, мәдениет пен өркениеттің бесігі. Бұл ерекше өмір стилі, ойлау және қарым-қатынас түрі, айырықша экономикалық уклад. Бұл тіршілік әрекеті мемлекеттік-саяси формасымен байланысқанның бәрі, мемлекет, саясат, партия бой көтеретін топырақасты, іргетас, бүкіл қоғамдық өмірдің негізі. Осымен байланысты азаматтық қоғамға көптеген ғылымдар: құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия, әлеуметтану және т.б. қызығушылық танытуда. Құқықтану азаматтық қоғамды азаматтық құқықтың субъектісі және құқықтың реттеу субъектісі ретінде зерттейді. Экономикалық теорияны азаматтық қоғамның пайда болуының экономикалық себептері, олардың өмір сүруінде каржы саласынын рөлі қызықтырады. Тарих болса, азаматтық қоғамның нақты ұлттық формаларын, қоғамдық өмірге қатысудың ерекшеліктерін суреттейді. Философия мен әлеуметтану азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамдық ұйымдардың формасы және қарым-қатынас ретінде қарастырады. Алайда, азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануға ерекше маңызды рел берілген. Тек саясаттану ғана азаматтық қоғамның саяси және қоғамдық институттармен — жалпы мемлекетпен, федералдық және жергілікті билік органдарымен өзара әрекет етудің сипаты мен формаларын зерттейді. Ғалымдардың кол жеткізген табыстарына сүйене отырып, саясаттану азаматтық қоғамның пайда болу себептері мен алғышарттарын, оның кұрылымын, функцияларын, эволюциялық бағыттарын қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда, саясаттану азаматтық коғамның біртұтас бейнесін жаңадан жасайды. Осы орайды Шымкентте қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері бас қосқан «Жаңа саяси реформалардың перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Басқосудағы негізгі мақсат  үкіметтік емес ұйым өкілдері қарапайым халықтың талап-тілегін тыңдап, жауапты органдар тарапына жеткізу. Осы орайда айта кету керек, азаматтық қоғамның дамуында үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол. Олардың қызметі қоғамның әртүрлі саласын қамтиды. Атап айтар болсақ, адам құқығын қорғау мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қозғалған тобын қорғау секілді шаралармен айналысады. Жалпы үкіметтік емес ұйымдар айналысатын салалар өте көп. Халық пен биліктің арасында «алтын көпір» рөлін атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жақсартуға, ел дамуына қажет ұсыныстарды талқылауды көздеп отырмыз. Алда бірлесіп атқаратын жобалар көп. Барлығымыздың көздегеніміз – халықтың тұрмысын жақсарту, – дейді Шымкент қалалық Азаматтық Альянс төрағасының орынбасары Жанетте Жазықбаева. Жиын соңында Конституция күніне және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай бірқатар ардагер әскери қызметкер мерекелік медальмен марапатталды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin