• 19 апреля, 2024 6:29 дп

Шымкент: ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Янв 10, 2023

Шымкентте толассыз жауған қардан қаланы тазарту жұмыстарына коммуналдық қызмет саласы қызу жұмысқа кіріскен. Барлық аудандар өздеріне қарасты аумақтарды тазарту бойынша жұмыстар атқаруда. Қаланы қардан тазалау бойынша атқарылатын жұмыс бақылауға алынған.
Мәселен, Каратау ауданына қарасты 90 көшедегі қардан тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды. Оның ішінде: Камаз ПР – 15 дана КАМАЗ ПРП, 2 трактор-82,1,2 трактор 320, 3 Газ-Саз, 3 Камаз самосвал, 5 Газ 53, 1 дана жүк тиегіш техникалары бар.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аудан аумағындағы көшелерге, жол жиектеріне 200 тонна тұз, 1100 м3 құм себілді. Осы бағыттағы қардан тазалау жұмыстарын 330 қызметкер атқарды. Қарлы ауа райына байланысты бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. КӨШЕЛЕРДІ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Тұран ауданына қарасты магистралды 96 көшені қардан тазалау жұмыстарына 4 бригада жұмыс атқаруда. Көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын, аялдамаларды тазалауға 126 жұмысшы жұмылдырылды.
Ал 4 дана 12 КДМ, МТЗ 80 3 кіші трактор қар күреу жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, ішкі орам көшелері мен көпқабатты үй аумақтарын қардан тазарту үшін 8 бригада 152 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңға дейін аудан көлемінде тайғаққа қарсы 447м3 инертті материал себілді.
Жағдай әкімдік және мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан бақылауға алынып отыр.

Автор: admin