• 25 апреля, 2024 4:16 пп

Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды

Автор:admin

Янв 10, 2023

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: ҚАР ТАЗАЛАУ 5 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте өткен тәуліктен бері қар толассыз жауып, тазалық мекемелері шұғыл әрекет етіп жатыр. Әл-Фараби ауданында басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары 5 бағыт бойынша тоқтаусыз жүргізілуде. Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 42 арнайы техника, камаз ПР – 14 дана, трактор 82,1 – 11 дана, трактор 320 – 2 дана, камаз сельхоз – 2 дана, Газ 53 – 12 дана, погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 185 жұмысшы күші жұмылдырылды.

Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.

Жағдай, әкімдік тарапынан және мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауда. ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕР ТАЗАЛАНУДА
Еңбекші ауданына қарасты 83 көшені қардан тазарту жұмыстарына 24 арнайы техника жұмылдырылып, 253 жұмысшы қар күреу жұмыстарын атқаруда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл жұмыстар кеше түстен кейін басталды. Бірінші кезекте автокөлік жолдары мен әлеуметтік мекемелердің аяқжолдары қардан тазаланды. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, қадағалануда.
Қардан тазалау жұмыстарына атап айтқанда: 14 дана Камаз ПР, 1 дана трактор 82,1 , 1 дана трактор 320, 1 дана Газ-Саз, 1дана самосвал, 55 дана Газ 53, 1 дана жүк тиегіш техникалары жұмылдырылды. Ағымдағы жұмыстарға аудан әкімі аппараты тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған.

Автор: admin