• 19 мая, 2024 12:17 дп

Шымкент қаласы: Бадам тұрғын алабы толық инфрақұрылыммен қамтылды

Автор:admin

Ноя 15, 2023

«Бадам-1» тұрғын алабының инфрақұрылым жүйелерінің жағдайымен осы жылдың басында арнайы мақала жазған болатынбыз, ол мақаламызда тұрғын үй алаптың инфрақұрылым мәселесін Jsk.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Жанел Сәбитқызы көтеріп, тиістілі жергілікті билікке халықтың әл-ауөатымен нфрақұрылым-инженерлік жағдайын жеткізді. Біздің мақаламыз жарияланғаннан соң атқарушы билік өкілдері жағдаймен танысып, сол аумақтың тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар кездесуде өткен жылы құрылысы аяқталған ауыз суды қосу мәселесін көтерді. Жалпы Бадам-1 шағын ауданында 5 мыңға жуық тұрса, оның ішінде 100 отбасы жаңақұрылыс бөлігінде тұрады. Осы бөліктегі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» жүргізген болатын. Ауыз су құрылысының пайдалануға берілгеніне алты айға жуық уақыт болса да, әлі күнге дейін суға қосу жұмыстары жүргізілмеген еді. Алайда туындаған мәселені Шымкент қаласының әкімдігінің араласуымен шешу жолдарын қарастырып, тиісті сала басшысына нақты тапсырмаларды міндеттелді. Ал, Бадам -2 жаңақұрылыс аумағын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Лидер Строй Проект» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстар аяқталып, қазіргі уақытта тұрғындарды суға қосу жұмыстары жүргізілуде. Суға қосу жұмыстары желтоқсан айының соңына дейін аяқталатын болады. Сонымен қатар Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары Шымкент қаласына кейіннен қосылған. Бүгінде мұнда коммуналдық мәселелер толығымен шешілген деуге болады.  Жалпы Тоғыста ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,5  пайызды құрайды. Сол сияқты электр жарығын тұтынушылар да 99 пайыз. Биыл 11 абонентті жарықпен қамту үшін жаңадан бағаналар орнатылып, электр желілері тартылды. Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші де 98 пайызды құрайды, тек Жаңақұрылыс аумағындағы 31 тұтынушының мәселесін шешу үшін келесі жылы жобалық – сметалық құжаты әзірленеді. Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағынауданында жауын шашын кезінде айналаны су басып, мазаны алмас үшін осы мәселені шешу қолға алынған. Бүгінде ирригация жүйесін ретіке келтіру жұмыстары атқарылуда. Осы аумақтарды 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айының аяғында аяқталады. Сонымен қоса, Маятас тұрғын алабындағы Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда. Былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылған. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі. Тоғыста инфрақұрылым жаңғыруда. 7500-ге жуық халық тұратын елді мекенде мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, спорт және балалар ойын алаңшасы, тағы да басқа әлеуметтік нысандар қарастырылған. Дегенмен атқарылуға тиіс біршама жұмыстар бар. Солардың бірі – ұңғыма салу. Бұл өз кезегінде Тоғыс, Айнатас, Елтай елді мекеніндегі 11 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды. Тоғыстан 73 метрлік су ұңғымасы қазылып, болат құбырлар салынуда. Мұндағы жол сапасы да назардан тыс қалмаған. Былтыр 2 көше Ақмая мен Айыршық  орташа жөндеуден өтсе, биыл 4 көшеге асфальт төселді. Жалпы мұнда 18-көше бар. Шаңы аспанға атып жатқан көше жоқ.  Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» – жеке инвестиция есебінен ашылуда. Нәтижесінде Тоғыс, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас халқы осында келіп ем ала алады. Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы – 200 адам. Тұрғындар медицина орталығы қажет деп бірнеше мәрте өтініш берген болатын. Соның негізінде қала билігі  тұрғындардың өтінішін жерде қалдырмай, орындалуына сеп болып отыр. Жалпы елді мекен тұрғындары заманауи қажетті барлық құрылымдармен қамтамасыз етілген.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin