• 4 мая, 2024 5:09 дп

Шымкент қаласы Абай ауданы: кәрізбен қамту 18-ден-55,5 пайызға өседі

Автор:admin

Ноя 3, 2023

Шымкент қаласы еліміздің ең ірі қалаларының қатарында. Қаламызда инфрақұрылым мәселесі әрқашан өзекті. Себебі облыстан қосылған бірнеше тұрғын алаптармен елді мекендерді қаланың статусына өткізу үшін және инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар жергілікті биліктің тарапынан қолға алынған. Кәрізбен қамту:18-ден 55,5 пайызға өседі. Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне кәріз жүйесінің орны орасан. Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың, шағынаудандардан шығатын сарқынды сулар жер астынан арнайы салынған жүйелер арқылы ағып, ол қайта шаюға жіберілмесе, тазалыққа кері әсерін тигізері анық. Абай ауданында қазір 27 елді мекеннің 7-іне ғана орталықтандырылған кәріз құбыры тартылған. Осы жылы ауданның 5 жеріне кәріз тарту құрылысы жүргізіліпті. – Достық шағынауданындағы ішкі жүйелердің құрылысы аяқталса, Асар-2 шағынауданында жүріп жатқан жұмыстар соттың шешіміне байланысты тоқтап тұр. Бозарықта көпқабатты үйлерге кәріз жүргізу жұмысы да аяқталуға таяу. Сонымен қатар, Шымсити-Төлеметов пен Тұран-А-2 тас жолы коллекторының құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Екі нысандағы жұмыстар 2024 жылы да жалғасады. 2025 жылға 8 нысанға кәріз тарту құрылысы жоспарланып отыр. Олар – Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс және Ынтымақ шағынаудандары. Осылайша, 2025 жылдың соңына қарай Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі, – деді аудан әкімі. Көше жарығы назардан тыс қалмайды. Абай ауданында 2022 жылға дейін небәрі 160 орталық көше жарықтандырылып, қамту деңгейі 12,5 пайызды құрайтын еді. Бұл көрсеткішті арттыруда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлесі басым. Осы жоба аясында биыл 33 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар толық аяқталса көрсеткіш 15,1 пайызға жетпек. Алдағы 2024 жылы – 30 көше, 2025 жылы тағы 30 көшеге жарық шамдар орнатылып, қамту деңгейін 20,6 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Одан бөлек, тұрғындар өз есебінен 17 көшеге жарық шамдар орнатыпты. Аудан әкімі көшелерді жарықтандыру мәселесі назардан түспейтінін, жұмыстар ары қарай жалғасады деп сендірді. Осы көшелердің қауіпсіздігін қамту үшін 2022 жылы – 250 бейнебақылау камерасы орнатылса, биыл – 234, 2024 жылы 250 камера орнатылады екен.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin