• 28 марта, 2024 10:17 пп

Шымкент қаласының әкімдігі қоқыс мәселесін шешу жолын оңтайландырды!

Автор:admin

Окт 7, 2022

Қоқыс мәселесі әрбір қаланың өзекті мәселелерінің бірі. Оны шешу жолдарын әкімдік әрқашан кезекті мәселеден түсірген емес. Қала тұрғындарын да қоқыс мәселесіне бей-жай қарамауға үнемі ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуге атсалысып келеді. ҚОҚЫСТЫ ШЫҒАРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСҚА ҚАНАҒАТТАНБАҒАН ЖАҒДАЙДА ТҰРҒЫНДАР КОМПАНИЯМЕН ШАРТТЫ БҰЗУҒА ҚҰҚЫЛЫ Қала және аудан әкімдіктеріне көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының аумағынан қоқыс шығарумен айналысатын ұйымның жұмысына қатыстц шағымдар көптеп түсуде.  Әкімдіктің хабарлауы бойынша «Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. Белгілі бір коммуналдық компаниямен келісім-шартты тұрғындардың өз қалауы бойынша ғана жасалады. Яғни, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ұйымды өздері таңдап, тиісті шарт жасасады.  Ал жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар мен компания арасындағы қатынастарға араласуға құқығы жоқ.  Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы»,  Көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта бұл бойынша мәселе орын алып отқан жоқ. «Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. Мұндай келісім шартты белгілі бір коммуналдық компаниямен тұрғындардың өздері өз қалауы бойынша жасайды. Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда, тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы. Абай ауданының аумағында үш компания қызмет көрсетеді: 1. «ШымкентСпецКомплекс», Тел.: +7 702 753 7337; 2. «Керемет 2020», Тел.: +7 777 094 5576; 3. «Бастау», тел.: 8 701 701 00 50. Әл-Фараби ауданында ҚТҚ шығарумен айналысатын компаниялар: 1. «Арнаулыавтокөлік», тел.: 8-701-505-75-36; 2. «ШымкентСпецКомплекс», тел.: 8 702 255-64-94; 3. «Спецавтотранс», тел.: 8 702 753 73 37. Еңбекші ауданын бойынша: 1. «Вайсалидзе» ЖК, тел.: 8-701-137-57-03; 2. «ЭКО-ком тазалық», тел.: 8-778-233-97-41; 3. «Арнаулыавтокөлік», тел.: 8-701-505-75-36. Қаратау ауданында жұмыс істейтін компаниялар: 1. «ЖанМейр», Тел.: +7 (701) 400-33-11; 2. «Вайсалидзе» ЖК, Тел.: +7 701 137 5703; 3. «Таза қала» ЖК, Тел.: +7 747 543-44-03; 4. «ПожТехМонтаж», Тел.: +7 778 883-52-77; 5. «Бастау», Тел.: +7 701 701-00-50.

Jsk ақпарат

Автор: admin