• 20 мая, 2024 1:02 дп

Шымкент қаласының шалғай аудандарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасты

Автор:admin

Окт 16, 2023

Шымкент қалалық Еңбекші ауданы бойынша биыл Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа тұрғын үй алаптарында алдағы уақытта тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатында су құбырларына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Қарабастау елді мекенінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. Қала әкімдігінің өкілдері Қарабастаудағы су құбырларының құрылысымен танысты. Жалпы осы жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзілген. Қазір жұмыс басталған кезеңнен осы мерзімге дейін мердігер мекеме құрылысты 50% аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізді. Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100%-ға дейін өседі деп күтілуде. Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Шымкент қалалық баспасөз орталығының мәліметі осындай. Олардың мәліметінше,  Республикалық маңызы бар қала – үшінші мегаполис атанған Шымкентте ауыз су мәселесі келесі жылы толық шешімін табады.

«Бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.  3 елдімекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді. Атап айтқанда, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары. Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Ағымдағы жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елдімекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Осылайша, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ауыз суды кестемен пайдаланатын Сайрам және Қайнарбұлақ елдімекендерін ауыз сумен қамту құрылысы және ағымдағы жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға берілетіні жазылған. «Бүгінде халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін қалада кешенді жұмыстардың атқарылып жатыр.  Қала тұрғындарының қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында қала әкімі ауыз сумен қамту мәселесін жіті бақылауына алғанын да айта кету керек. Осылайша, 2024 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады» деп жазылған баспасөз мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен осы жылы осы бағыттағы 13 жоба аяқталған. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 24,46 шақырымды құрайтын 3 маистралды су құбыры тартылды. Сонымен қатар 10 елдімекенде ішкі ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталған. Осылайша Тұран, Асар-2, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңа Тұрлан, Солтүстік саяжай, Ақтас, Жаңаталап, Сәуле және Нұртас елдімекендерінің тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді. Қазір әрбір тұрғын суды өз үйіне кіргізіп жатыр. Бұл қала халқын ауыз сумен қамту көрсеткішін 95,6 пайыздан 98 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар биыл да қарқынды түрде жүргізілмек. 2024 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін биыл тағы 1 магистралды су құбыры және 1 елді мекеннің ішкі су жүйелерінің құрылысы аяқталады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin