• 3 мая, 2024 5:54 пп

Шымкент қаласының кәріз жүйесін жақсартамыз

Автор:admin

Ноя 3, 2023
????????????????????????????????????

Қаланың орталығы кәріз жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Ал қаланың шетіндегі 81 елді мекеннің 18-інде ғана кәріз құбырлары бар. Қала бойынша көрсеткіш – 49,1 пайыз. Алдағы уақытта 63 елді мекенді кәріз жүйесіне қосу қажет. Қалада жалғыз шайынды су тазарту кешені бар. Оның қуаттылығы – 150 мың текше метр, ал нақты қажеттілік – 360 мың текше метрге жетеді. Барлық елді мекендерді кәрізге қосуға қуат жетпейді.

Осы мақсатта алдағы 5 жылда қалалық әкімдікт келесі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді: 84,4 шақырым кәріз жүйесінің салынуына атсалысады. Атап айтқанда:

2021 ж. – 16 шқ,

2022 ж. – 17 шқ,

2023 ж. – 15 шқ,

2024 ж. – 15 шқ,

2025 ж.–21,4 шқ.

➢ Тәулігіне қуаты 50 мың текше метрлік және 20 мың текше метрлік 2 тазарту қондырғысының құрылысы 2024-2025 жылдары кезең-кезеңімен жүргізіледі;

100 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекенді қамтитын Арғынбеков – Жібек жолы магистралды кәріз жүйесінің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60 пайызға жетіп, 630 мың адам кәріз жүйесімен қамтылады! Газбен қамтамасыз етеміз. Қолданыстағы екі АРГС-тің қуаты қаланың дамуына толық жетпейді (оның қуаты 180 мың текше метр, ал нақты қажеттілік 250 мың текше метр). Халық саны 81 мың адамды құрайтын 9 елді мекен газға қосылмаған.

Осы мақсатта алдағы 5 жылда Шымкент қаласының әкімдігі келесі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді:

➢ Қуаты сағатына 250 мың текше метрді құрайтын №3-ші АГРС құрылысын жүргізуге, ал 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала аумағы толық газбен қамтылады.

Сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеміз

Қаладағы 81 елді мекеннің 29-нда электр жүйелерінің сапасы төмен, қосымша құрылыс қажет етеді. Әсіресе, қаланың солтүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспейді.

Сондықтан алдағы 5 жылда мынадай істердің жүзеге асуына ықпал етеді:

➢ Қуаты 220 мВт құрайтын Бозарық қосалқы станциясы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі;

➢ 2021 жылы екі қосалқы станция (қуаты 110 мВт «Ақжар» және «1-М-1») іске қосылады;

➢ 2021-2022 жылы «Ынтымақ» қосалқы станциясы іске қосылады;

➢ 2022-2025 жылдары 2 қосалқы станция («Оңтүстік», «Қызылсу») іске қосылып, 430 мың адамға сапалы электр қуатын беруге мүмкіндік болады.

Нәтижесінде 5 жылда 5 қосалқы станция іске қосылып, электр қуатымен қамту 180 мвт-тан 350 МВт-қа артады. 2025 жылы қала тұрғындары сапалы электр энергиясымен толық қамтылады.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin