• 29 апреля, 2024 2:40 пп

Шымкент қаласында 110 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

Автор:admin

Июн 4, 2023

Шымкент кәсіпкерлікпен айналысуға өте қолайлы қалалардың қатарында. Бүгінде қаламызда мемлекеттің қолдауының нәтижиесінде кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды оқыту, салалық сертификаттарды тапсыруға, білімін арттыруға бағаттылаған кешенді жиынтық бағдарламалар жүйесі үздіксіз жұмыс жасауда. Соның ішінде қазақстандықтардың көбі несие алмай-ақ, өз кәсібін ашуға қауқарлы. Оған мемлекет үлкен қолдау беріп отыр. Тұрғындарға кәсіп дөңгелетуге үлкен мүмкіндік ұсынатын жобалардың бірегейі — «Бастау бизнес». «Бастау бизнес» дегеніміз не? Жобаға кімдер қатыса алады және оның шарттары қандай? Jsk.kz тілшісі Шымкенттегі жобаның жетекшісімен тілдесіп бағдарлама артықшылықтары туралы, жобаның шын мәнінде берер пайдасы мен ерекшеліктері жайлы білді. Оқыту несие және грант арқылы қаржыландырылады. Бүгінде жобаға 75 000 адамқатысып, аяқтаған, оның ішінде 20 000-ы жастар.
Бастау Бизнес» — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жемісі. Жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылуда. Осы арқылы халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқытады. Сондай-ақ, олардың бизнес-жобаларын сүйемелдейтін бағдарлама үш бағытта жұмыс істейді:

оқыту;

микрокредит беру және гранттық қаржыландыру;

іске асырылған жобаларды сүйемелдеу;

Бағдарламаның операторы — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.  «Атамекен» ҚР ҰКП бағдарламаның 2-ші бағытының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау операторы болып табылады.
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жобаның мақсаты — кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.
«Бастау Бизнес» жобасына жоғары сұранысты қамтамасыз еткен негізгі артықшылықтар:
— табысы төмен халықтың нақты санаттары: жұмыссыздарға;
— өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бағдарлану;
— оқыту, шағын қаржыландыру және сүйемелдеу құралдарын біріктіру болды.Кәсіпкерлік саласында 198,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,9%-ға өсті. Өндірілген өнім көлемі бойынша 1 307,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,5% құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40,7%-ды құрады.

Jsk ақпарат

Автор: admin