• 28 апреля, 2024 8:45 пп

Шымкент қаласында газдандыру жоспары кестеге сай жүріп жатыр.

Автор:admin

Ноя 13, 2023

Көгілдір отынның игілігін көрген тұрғындардың қатары жылдан жылға артып келеді. Солардың қатарындағы асарлықтар қуанышқа кенеліп отыр. Нақтырақ айтқанда, Қаратау ауданына қарасты Асар-2 тұрғын алабына табиғи газ берілді. Тұрғын алапта ұзындығы 24 шақырымдық газ құбырының құрылысы аяқталып, тұрғындардың көптен күткені орындалып жатыр. Нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Жергілікті халық енді «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасуға өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады. Жалпы, Қаратау ауданының аумағы – 19 500 гектар құрайды, халық саны 190 мыңнан асады.Аудан аумағында 18 елді мекен, жалпы көшелер саны – 595, демалыс орындарының саны – 7. Аудандағы елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші 90 пайызды құрайды. Аудан әкімі Р. Мүлкеманов өз сөзінде 2025 жылға дейін Қаратау ауданын табиғи газбен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланғанын айтқан болатын.Тілге тиек етейік, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызға жеткізіледі деп жоспарланған. 2023 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 57-і табиғи газбен қамтылған. Ал, биыл қалған 6 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Олардың қатарында Тассай, Тұран 3 кезек, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық бар. Сондай-ақ, Нұртас шағын ауданына жеткізуші газ құбыры және Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталды. Одан бөлек, Нұртас шағынауданындағы газ құбырының құрылысы 2024 жылы аяқталады. Биыл Арғымақ және Ақтас елді мекендері де табиғи газбен қамтылатын болады. Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2024 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады. Жыл қорытындысымен, Тұран ауданын табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жеткізіледі. Ал, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстары 2024 жылы бітеді. Айта кетейік, Абай ауданы 2024 жылы толық табиғи газбен қамтылады. Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-сы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, биыл Абай ауданындағы Қайнарбұлақ /1-2 кезең, Бозарық 74 га, Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме анықталды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin