• 16 мая, 2024 11:52 пп

Шымкент қаласындағы шеткі аудандарға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде

Автор:admin

Сен 13, 2023

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Бозарық шағынауданындағы 74 гектар аумақтағы көпқабатты үйлерге магистралды кәріз желісі мен сорғы станциясының құрылысы аяқталып, қазір қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биылғы жылы 10 нысанның құрылысы үшін 4,8 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа Тұраннан КОС-қа дейінгі және «ШымСити» кәріз коллекторы, Мирас, Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұранның ішкі жүйелері, Қайтпас-2, Нұртас, 112-ші орам, Бозарық шағынауданындағы көпқабатты үйлерге ішкі орамдық жүйе құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі,-деді Мақсат Қабделұлы. Осы жобалар іске қосылғаннан кейін тұрғындарға кәріз жүйесін тарту көрсеткіші 60-тан 65 пайызға өседі. Сонымен бірге, 2024 жылы 12 нысанда орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы басталмақ. Ал, 2025 жылға келіп, тағы 10 жобаның жоба жүзеге асып, қала халқының кәрізбен қамтылуы 75 пайызға жетпек. Шымкенттегі барлық шағынаудандар 100 пайыз мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен қамтылған. Бұрынғы жекеменшік трансформаторлардан жарық алу мәселесі бірте-бірте нарықтан ысырылып, қала тұрғындары сапалы электрдің игілігін көріп жатыр. Ендігі жерде жарық жеткізуде шағынаудандардың жаңақұрылыс аумағындағы жүйелердің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Сайрам, Бозарық, Асар-2 және Құрсай шағынаудандарына электр желісін жеткізу құрылысы биыл басталды. Пайдалануға беру мерзімі 2024 жылға жоспарланып отыр. – 2023 жылы электр қуатымен қамту бойынша 6 нысанда, оның ішінде 5 елді мекеннің ішкі жүйелері және 1 қосалқы станцияның құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстар үшін 4,3 млрд теңге қаржы қаралып, 2,6 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Нысандарды атап айтар болсақ «Ақжар» қосалқы станциясы, Батыс, Тұран, Тұркістан, Нұрсәт және Қайнарбұлақ елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында желі тарту құрылысы атқарылып жатыр. Одан бөлек, «110/35/10 кВ Ынтымақ» және «110/10 кВ Бадам» электр желісін тарату станция мен Бозарық, Асар-2 шағынауданының жаңақұрылыс аумағында құрылыс жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде, — деді басқарма басшысы. Екінші жарты жылдықта Тұран, Түркістан және Нұрсәт шағынауданының жаңақұрылысында мердігерлер 153,2 шақырым аумақтағы ішкі жүйелерін тарту кезінде 15 электр тарату бекеті, 38 трансформатор және 1 қосалқы станцияны орнатады. Ал, алғашқы жарты жылдықта Батыс, Қайнарбұлақ елді мекенінде құрылыс аяқталып, 50 мыңға жуық адам сапалы электрді қолдануға мүмкіндік алды. Жыл қорытындысымен «Ақжар» 110/35/10 кВ қосалқы станциясы, Тұран РП және Түркістан шағынауданында құрылыс аяқталып, 12 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылмақ. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 98% — дан 100% — ға өседі.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin