• 16 мая, 2024 8:03 дп

Шымкенттің шетіне инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жалғасын таппақ

Автор:admin

Сен 13, 2023

Инфрақұрылым жүйелерін тарту ісі қала сыртындағы индустриалды аумақтарда да қырқынды жүріп жатыр. Осы жылдың алғашқы тоқсанында Жұлдыз, Тассай және Бозарық индустриалды аймағын инженерлік инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 9,5 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінде бұл қаражатқа құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқарма басшысы осы индустриалды аймақтардың инженерлік жүйелерінің құрылысын толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 4,4 млрд теңге қаржы қажет екенін алға тартып отыр. Нәтижесінде 3 индустриалды аймақ инженерлік жүйелермен қамтылып, кәсіпкерлер өндіріс орындарын орналастыруға мүмкіндік алады. Қолайлы орта мен толыққанды инфрақұрылым жүйесін қамту бойынша қала билігі әрқашан тұрғындардың ұсынысын назарсыз қалдырған емес. Жобалар әзірленген, жұмыстар кезеңімен атқарылып жатыр. Десе де, барлық жобаны қысқа мерзімде орындау мүмкін еместігі әмбеге аян. Ендігіде жұмыстардың аяқталуына уақыт қажет. Республикалық мәртебеге ие болғанына 5 жылдың ішінде Шымкентте түрлі салаларда атқарылған жұмыстар еселене түсті.  Жолдарға асфальт төселіп, көше бойлары мен аулалар абаттанып, көпқабатты зәулім үйлер көбейді. Шалғайдағы елді мекендерге инфрақұрылым жүйелері тартылып, шырайы кірді. Ауыз су, электр жарығы және көгілдір отынмен қамту ісінде де ауыз толтырып айтар жетістік көп. Бүгінде елді мекендердің жаңақұрлысы аумақтарына инфрақұрылым тарту жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұл жайында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков баспасөз брифингінде баяндады. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз суды тұтынады. Тіршілік нәрін кезекпен берілетін Құрсай, Сайрам шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында құбыр тарту құрлысы жүріп жатыр. Құрсай шағынауданында екі кезең негізінде жүзеге асып жатқан су желісі құрылысының бүгінде 90 пайызы орындалып, аяқталуға таяп қалды. Негізінен осы үш елді мекенмен қосқанда қала аумағында 6 нысанда құрлысы жүріп жатыр. Олар –Құрсай 1,2 кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам шағынауданында 1,2 және 3 кезек, Еңбекші ауданындағы Тоғыс, Айнатас, Қаратөбе, Қарабастау, Жұлдыз және Жыланбұзған елді мекендерінің жаңақұрылыс аумағындағы 2288 абонентке арналған су құбырының желісі. Басқарма басшысының сөзінше, аталған алты нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, 72 мыңға жуық адам сапалы ауызға қол жеткізеді екен. Осылайша Шымкенттің ауыз сумен қамту көрсеткіші толық орындалып, 98,5 пайыздан 100 пайызға жетеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin