• 19 апреля, 2024 4:48 дп

ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАНДАР КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР

Автор:admin

Май 10, 2023

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

«Business Plas» көбік түйіршікті полистирол өндіру цехының иелері осыдан екі жыл бұрын 5 млн теңгенің грантын ұтып, қаржыға қондырғылар сатып алған. Мемлекет қолдауымен өндірісін ұлғайтқан кәсіпорын жылына 10 мың текше метр полистирол шығарып, ішкі нарыққа сатуда.  Өнім көлемін арттырғысы келетін кәсіпкерлер бизнесті кеңейту үшін  қосымша жер қарастыруды сұрады. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізген Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға цех ашу үшін «Жұлдыз» индустриалды аймағынан жер телімін бөлуді  тапсырды.

Оқу-әдістемелік құралдарын шығарумен айналысатын «Automations» цехының иелері де  3 млн теңгенің қайтарымсыз қаражатын алып, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Қазір дуальды оқыту бағдарламасы аясында өнімдерін жергілікті колледждерге сатуда. Кәсіпкерлер алдағы уақытта өндірісін кеңейтіп, қала мектептерін отандық әдістемелік құрылғылармен қамтуды жоспарлауда.

Қала әкімі тиімді жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, бизнеске қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар берді. Əрбір аймақтың дамуына баға беретін əртүрлi жеке статистикалық көрсеткіштер бар. Осы көрсеткіштерді жинақтап, жалпы жаңа бағадағы экономиканың жəне əлеуметтіліктің тұрақты даму бағасын беретін көрсеткіштерді экономикаға қолдануды енгізу де бүгінде қаралып жатыр. Жалпы, «алдымен — экономика, сосын — саясат» формуласын ұстанған Президентіміз және үкімет ондаған жылдар бойы экономиканы тұрақты дамытудың тәжірибесін жинақтап үлгерді. Дәл осы себепті, ендігі уақытта Қазақстанның экономикасының тұрақсыздануына жол берілмейтініне әбден сенуге болады және Қазақстанның бұл үшін жасалып жатқан өз стратегиялары бар.

Jsk ақпарат

Автор: admin