• 29 марта, 2024 10:15 дп

Қала әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.  «2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті  нақтыланып, қаржы көлемі алғаш рет 613 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеу шешімі қабылданды. Сонымен қатар сессия отырысында жергілікті тұрғындардың пікірі негізінде 139 көше, 13 білім беру ұйымдары мен кітапханаға атау беру бойынша Үкімет жанындағы ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы бірлескен шешім қабылданды.  Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптауға арналған қызметтерді көрсету тарифі бекітілді. Бөлінген қаражат пен межеленген жоспарлар қала халқының табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, жоғарыдағы аталған инвестициялық жобаларға, қалаға келген инвесторларға және кәсіпкерлерге тиімді қызметтер көрсету мақсатында «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы және кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «бір терезе» қағидаты арқылы қызмет көрсететін «Бизнеске арналған Үкімет – Shymkent Invest» орталығы жаңа форматта құрылды. Бұл фронт-кеңсенің негізгі мақсаты – консультациялар жүргізу, сүйемелдеу, мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету, сондай-ақ, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және инвесторға қызмет көрсету барысында жолығатын шектеулер мен бөгеттерді жою, қызмет алуға қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.Сонымен қатар, төрешілдік пен артық қағазбастылыққа жол бермеу мақсатында фронт-кеңседе Шымкент қаласының бірқатар басқармаларының, Кәсіпкерлер палатасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Қазпошта» АҚ-ның филиалының, қаржы ұйымдарының, «Даму» қорының аймақтық филиалының, қалалық миграциялық қызмет басқармасының және «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның тиісті мамандары бірлесіп қызмет көрсетіп келеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin