• 30 апреля, 2024 12:57 дп

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫ: ҚАЛАМЫЗДАҒЫ КӘСІПКЕР — БІР МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢШАСЫ ІСКЕ ҚОСТЫ!

Автор:admin

Июл 1, 2023

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы Алдоңғаров шаруашылығында 200 бас ірі қара мал мен  50 бас жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда    80%-ға жуығы аяқталған.  Осыған орай, қала әкімі М. Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен  кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бордақылау алаңын бұдан әрі дамытуға бағытталған мүмкіндіктер туралы кеңестер айтылды.  Биыл күзге дейін толық пайдалануға берілетін  шаруашылықта  заманауи талапқа сай арнайы қора жайлар, мал азығын сақтайтын қоймалар, жаздық қоралар мен 5 га жуық жоңышқа егіс алқабы қарастырылған. Бордақылау алаңының қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда маңызы зор.  Сауда нысандарына әр тоқсан сайын, ал өндірушілерге 1 жылға баға бекітіліп отырады.  Қала аумағында қазіргі таңда 100 бастан жоғары  ірі қара мал бордақылауға арналған  алаңдардың саны 30-дан  асады. М.Дүйсенбекұлы алдағы уақытта қала халқын сапалы ет өнімдерімен қамтуда инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізуді  тапсырды. Бүгінде Шымкент қаласының экономикасы республиканың өзге өңірлерімен салыстырғанда біршама деверсификацияланған және оны дамушы экономикалардың қатарына жатқызуға болады. Қаланың жалпыөңірлік ішкі өнімінің 25 пайызын өнеркәсіп, 20 пайызын сауда және 17 пайызын құрылыс саласы құрайды. Ал, шағын және орта бизнестің жалпыөңірлік ішкі өнімдегі үлесі шамамен 30 пайызға тең. Қалалық орта болуымызға қарамастан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін биыл 37 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл жылы жылыжай, қарқынды бау, мал бордақылау, ет өңдеу бойынша 15 инвестициялық жоба жүзеге асты. Жыл соңына дейін осы санаттағы тағы 10 жоба іске қосылмақ. Шымкенттің өндірістік қуатын құрайтын бұл жобалар ішкі нарықты отандық мазмұнды құрайтын өнім түрлерімен толықтырылып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға қызмет етпек. Шымкентте шығатын өнімдер көрмесі алдағы уақытта тұрақты түрде өтетін таныстырылымдық сипаттағы алаң ретінде қызметін жалғастырады. Оның аясында дайын өнімдерді өткізу нарығын қарастыру, экспортқа бейімделген тауар түрлерін ілгерілетуге мүмкіндіктер ашу, шығарылған өнімдердің СТ-KZ отандық сапа стандарты талаптарына сай болуын ұйымдастыру, іскерлік байланыстарды арттыру міндеттері бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Jsk ақпарат

Автор: admin