• 19 апреля, 2024 1:54 пп

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫ: АГРОБИЗНЕСТЕ КЛАСТЕРЛІ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ          

Автор:admin

Апр 7, 2023

Қала әкімі Мұрат  Әйтенов аграрлардың жағдайымен танысып,   ауыл шаруашылығындағы кластерлі жобаларды  қадағалады. Бадам тұрғын алабының шаруалары 6,5 гектар алқапқа құлпынай өсіруде. Өнім көлемін арттыру үшін бүгінде шаруалар бірігіп, ауыл шаруашылығы кооперативін құруда.  Алдағы уақытта егістікті 30 гектарға арттыруды көздеп отыр.  Маусымдық жұмысқа кіріскен шаруалардың жағдайымен танысқан қала әкімі жауаптыларға тауарларды тікелей тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ету үшін алқап маңындағы жол жиегінен көшпелі сауда орындарын ұйымдастыруды тапсырды.  Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Сайрам тұрғын алабында орналасқан жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін «Дары Сайрама» ЖШС-де болды.  Бүгінде кәсіпорынның 5 гектарлық алқабында жүзім өсіріледі. Қазіргі таңда мұнда 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 7 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап, шырынның түр-түрін өндіреді.Қала әкімі жауаптыларға кластерлік жобаларға басымдық беріп, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Кәсіпкер мен шағын бизнес иесі терминдері кейде бір-бірінің орнына жүреді. Алайда кей жағдайда екі терминнің ортақтығына қарамастан, аты мен затындағы айырмашылықтарын білген де жөн. Шағын бизнес дербес басқарылып, жұмыс істейді, өз саласында басымдыққа ие емес және әдетте көптеген жаңа немесе инновациялық тәжірибелерді көп қолданбайды. Олар ешқашан ұлғайып өсуді мақсат етпейді және иелері осы бизнесін жүргізу үшін тұрақты әрі тыныш жолды таңдайды; басқаша айтқанда, өз бизнесін тұрақты сатылым, орташа пайда мен өсімге қанағаттану арқылы басқарады. Себебі шағын фирмалар бұрыннан орныққан бизнестерді, сондай-ақ, франшизаларды қамтиды, олардың иелері шағын бизнес басшылары деп саналады. Екінші жағынан, кәсіпкерлік венчурлер – кәсіпкерліктің негізгі мақсаты инновация, табыстылық пен өсу болатын кәсіпорындар. Осылайша, бұл бизнес инновациялық стратегиялық тәжірибелермен және тұрақты өсумен сипатталады. Кәсіпкерлер мен оларға қаржылай қолдау көрсететіндер әдетте тез өсуді және жылдам пайда табуды көздейді. Олар тіпті үлкен капитал табысын иелену (кенелу) мүмкіндігі пайда болса, бизнесін сатуға дейін баруы мүмкін. Осылайша, кәсіпкерлер мен шағын бизнес иелерінің өз фирмаларын дамытуға қатысты көзқарасында айырмашылық бар. Осы дәрісімізде біз кәсіпкерлерге және кәсіпкерліктің тиімді дамуына, оның ішінде ұйымдардағы кәсіпкерлік ойлау жүйесіне көңіл бөлеміз. Мұнда айтылатын кейбір жайттар шағын бизнес иелеріне де, кәсіпкерлерге де қатысты болуы мүмкін; алайда біз кәсіпкерлерге байланысты инновациялар мен өсудің қыр-сырына тереңірек назар аударатынымызды ескеріңіз!

Jsk ақпарат

Автор: admin