• 23 апреля, 2024 10:13 пп

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУДА

Автор:admin

Апр 7, 2023

Қала әкімі Мұрат Әйтенов балық шаруашылығының жайымен танысты.    Маятас елді мекеніндегі «Бадам» су қоймасының жанынан құрылған «Айнакөл 2020» ауыл шаруашылығы кооперативінің балық шаруашылығында болды. Қазіргі таңда су тоғанының жанындағы жасанды көлге 50 мыңнан аса балық шабақтары жіберілген. Көлдің аумағы 5,5 гектарды құрайды. Кооператив басшысы Дильдахан Ахметов үкімет қолдауларын ұтымды пайдаланып,  қалада балық өндірісін дамытуды көздейді.  Жеке кәсіпкер Равшан Махамадов те қолдан жасалған су тоғанын құрып, балық асырауда. Бүгінде жасанды көлге балық шабақтарын жіберіп, алғашқы тәжірибелік жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы шаруашылығын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.  Қала басшысы жауаптыларға ауылшаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етуде, экпорт көлемін арттыруда нақты тапсырмалар жүктеді. Кәсіпкерлік – бизнес құру ғана емес. Бұл – оның маңызды қыры болса да, толық көрінісі емес. Ол – кәсіпкерлерге әсер ететін арнайы көзқарасты біріктіретін мүмкіндіктерді іздеу сипаттамалары, қауіпсіздіктен тыс тәуекелдерді қабылдау және идеяны өмірде ілгерілету үшін табанды болу. Келесі дәрістерде кәсіпкерлік ойлау жүйесі жеке адамдар мен корпорацияның дамуына септігін тигізетінін көрсетеміз. «Кәсіпкерлік ойлау жүйесі» термині «әлемге инновациялық көзқараспен қарау» деген таным мен ұстанымды айқындайды. Бұл әр адамның кәсіпкерлік әлеуетін қалыптастырады. Ойлау жүйесі креатив идеяларды табу мақсатында ұйымдардың ішінде немесе сыртында, коммерциялық немесе коммерциялық емес кәсіпорындарда, бизнесте немесе бизнестік емес әрекеттерде көрінеді. Осылайша кәсіпкерлік – жеке тұлғаның бизнесін инновациялық мәнермен дамытатын кешенді тұжырымдама. Әр деңгейде және әр елде бизнесті жүзеге асыру жолдарын революцияландырған – осы ойлау жүйесі. Әлем кәсіпкерлік пен инновацияны қолға алғаны анық және бизнесті жүргізу жолдарына көзқарас ешқашан бірдей болмайтыны да түсінікті. Сонымен, кәсіпкерлік революция экономикалық мағынада етек жайып, кәсіпкерлік ойлау жүйесі басым күшке айналды. Шын мәнінде, кәсіпорынның аман қалуы үшін капитал қажет; жеткілікті қаржыландыру болмауына байланысты бизнесте түрлі сәтсіздіктер болып жатады. Алайда ақша – сәтсіздіктен сақтайтын жалғыз қорған емес. Жеткілікті қаржыландырудың болмауы – көбінесе басқа мәселелердің: басқарушылық қабілеттің, қаржылық сауаттың жетіспеуі, мардымсыз инвестиция, жоспарлаудың кемшіліктері және т.б. көрсеткіші. Көптеген табысты кәсіпкерлер ақша жетіспеушілігін жеңіп шығып, венчур бастады. Ондай кәсіпкерлер үшін ақша – мақсат емес, ресурс қана.

Jsk ақпарат

Автор: admin