• 19 апреля, 2024 7:12 пп

Шымкент: Халықтың жеңіл өнеркісіп саласындағы экономикалық үлесі қарқын алды!

Автор:admin

Апр 1, 2023

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп күннен – күнге дамуда. Дамудың даңғыл жолына түскен «Жаңа экономикалық саясат» бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Сол жұмыстардың бірі мегаполистегі жеңіл өнеркәсіп саласы. Қаламызда өндірілетін тауарлардың экономикаға әсер ететін тұстары өте көп. Мысалы елімізде салалық өнеркәсіп бойынша өндірілетін тауарлардың 20,7 пайызы Шымкентте өндірілетінін бірі білсе, бірі білмейді. Яғни жеңіл өнеркәсіп саласы шаһараымызда қарқынды даму үстінде. Оған мемлекеттік қолдаулар мен жекешелік әріптестік қарым-қатынасқа қатысты жобаларда бар. Бұл көрсеткіштер жыл өте ұлғайып, өз жемістерін беру үстінде. Шырайлы шаһардан шығатын өнімнің 3,9 пайызы жеңіл өнеркәсіп саласына тиесілі. Мегаполисімізде әсіресе тоқыма және тігін-тігу өнеркәсіптері мен мақта-мата өнімдерін шығару белең алған. Шұлық пен тоқыма бұйымдарын жасауда қолға алынуда. Нақтысын айтар болсақ республикада өндірілетін жеңіл өнеркәсіп саласының 87 пайызы, шұлықтың 68 пайызы ал кілем өндіру өнеркәсібінің 100 пайызы біздің үшінші қаламызға тиесілі. Осылайша қаламыз экономиканың бір бағыты бойынша қыруар қаражатты ел қазынасына құйып отыр. Осылайша Шымкент Отандық текстилдің ең үлкен хабына айналып отыр. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймаққа топтасқан фабрикалар жылына мыңдаған тонна өнім өндірісін қолға алып, ел экономикасын салалық бағытта қамтамасыз етіп отыр. Фабрикалар тек ғана қаламызды ғана емес сонымен қатар көршілес мемлекеттер мен еліміздің солтүстік қңірлерінде қажетті тауарлармен қаматамасыз етіп отыр. Бұл қаламыздың экономика саласындағы тек ғана бір бағыты.  Шымкент – инфрақұрылымы дамыған, еңбек ресурсы әлеуетті мегаполис. Қазақстанның өзге қалаларымен салыстырғанда Шымкенттің Орталық Азияда инвестициялар мен технологияларды тартудың жаңа орталығына айналуына мүмкіндігі көп. Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің дамуына «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын тиіп отырғанын айта кетейік.  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылы құрылған болатын. 200 га аумақты алып жатыр.  Резиденттер үшін тегін жер учаскесі, жер салығын, мүлік салығын және корпоративтік табыс салығын төлеуден босату түрінде инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар көзделген. 100 % инфрақұрылыммен қамтылған. Сондай-ақ, АЭА аумағында сумен жабдықтау және электр энергиясына тарифтер Шымкент қаласында жалпы белгіленген тарифтерден айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн. Өндірісі қарыштап дамып келе жатқан Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында арнайы экономикалық аймақта кәсіпорындар аз емес. «AZALA Textile», «Арайлы», «Жібек.М.», «Гаухар» тігін фабрикасы, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы, «Alatex», «Жаңаталап-МТ», «Kazplast», «Шабитекс», «AZALA Cotton», «Әлем-БТ», «Хлопкопром-Целлюлоза», «Бал Текстиль», «НазарТекстиль» сынды кәсіпорындардың әрқайсысы негізін еліміз егемендік алған жылдары қалаған.

Jsk ақпарат

Автор: admin