• 20 апреля, 2024 12:11 дп

Еліміздің экономикасы: Шымкенттің инвестициялық әлеуеті!

Автор:admin

Апр 1, 2023

 

Қазақстан Республикасы зайырлы егеменді тәуелсіз ел ретінде күллі әлем еледерінің алдында белгілі. Оның экономикасы нарықтық экономикаға кіретін әлемдік державалармен теке-тіресіп, елу елдің қатарына кіргендігінде Орталық Азия мен Таяу шығыс елдері біліп отыр. Нарықтық экономиканың гүлденуі ең алдымен мемлекет пен жекешелік қарым-қатынастардың индустриалды-инновациялық аймақтарды құруға бағытталған даму стратегиясының нақты сұрақтарға жауап бере алатындығымен өлшенеді. Шикізат тәуелділігінен айрылатын елдердің қатарында біздің еліміздің алар орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында үнемі шикізатқа тәуелділікті сөз етіп, одан айрылатын күнге жететініміздіғ сқйтіп нарықтық экономикаға қарай бет-бұратынымызды айтып отырады, үкіметкеде тиісті жұмыстарды атқаруға, орта және кіші бизнестерді дамытып өнәркісіп иелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіруді тапсырмаларына қосып отырады. Осы бағытта шымкент қаласының экномикаға қосатын өлшеулі үлесін айтып отыруымыз тиіс. Себебі қаламызда 100 ден аса орта және кіші бизнес субьектілері қазынаға қаржы құйып отыр. Оның мақсатты жұмсалуына тиісті бағыттарға стратегияның орындалуына басым бағыттар беріліп отыр. Институтционалдық инновациялық жобалар қазіргі уақытта қаламызда көптеп қолдауға ие болып отиыр. Түрлі гранттар мен мемлекеттік қолдаудың арқасында қала азаматтары мен азаматшалары қз кәсіптерін бастап, жүйелі жұмыс жоспарларын құрып, еліміздің дамуы мен өркендеп өсуіне өз септіктерін тигізіп отыр.  Қазақстан аумағы арқылы бұрын Ұлы Жібек жолы өткен, оның көне Шымкент қаласы арқылыда сауда-саттық жолдары арқылы жүргізілген себебі Қазақстан Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан, сол арқылы «құрлық көпірімен» қамтамасыз етті. «Төрттік» БРИК құрамындағы үш мемлекет: Ресей, Қытай және Үндістан Қазақстанға жақын орналасқан. Қазақстан – Еуропа мен Азияның тоғысқан жеріндегі жаңа стратегиялық орын. Бұған 500 млн-нан асатын тұтынушысы бар аймақтық нарық және 180 млн-нан астам тұтынушысы бар Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығына преференциялық қолжетімділік бар, уақыты тиімді жүк тасымалы кіреді. Мысалы: Еуропа-Қытай-Санкт-Петербург — 10 күн; Гамбургке — 16 күн; Лондонға – 18 күн. Осылайша еліміз арқылы оның ішінде Шымкент қаласы арқылы өтетін жолдар елімізге көптеп инвестициялық жобаларды әкелетін пәрмені бар екендігі белгілі.

Jsk ақпарат

Автор: admin