• 18 апреля, 2024 3:08 дп

ШЫМКЕНТ: ХАЛЫҚТЫҢ  БІРІНШІ  КЕЗЕКТЕГІ  МӘСЕЛЕСІН  ШЕШУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Автор:admin

Окт 8, 2022

Шымкенттің Абай ауданында 322 мыңнан астам халық тұрады. Аудандағы 34 елдімекеннің 33-і ауыз сумен қамтылған, бүгінгі таңда 1 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін Абай ауданының халқы 100% таза сумен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов шаһар басшысының халықпен кезекті есеп беру жиынында айтты. Мегаполистің даму қарқыны екі еселеніп Қазақстанның қалалары ішінде айтарлықтай орын алар дәрежеге қол жеткізді. Еліміздің үшінші шаһары әр сала бойынша оқ бойы озық тұр. Өздеріңізбен әр сала бойынша қаламыздың жеткен жетістіктерімен бөлісуді ұйғардым. Мысалы бюджет саласын алып қарар болсақ екі жылда 2 есеге ұлғайған. 2019 жылы 244,4 млрд. теңге болса, 2021 жылы 495,5 млрд. теңге болған. Оның ішінде қала бюджетінің өзіндік кіріс көлемі 1,8 есеге ұлғайып, 98,7 млрд. теңгеден 174,5 млрд. теңгеге жеткен. Даму қарқындылығы жағынан білім саласы бойынша қаламыздың елге айтар жаңалықтары көп. Сол жаңалықтармен сіздерге қысқаша мағлұмат беріп өтсем. Соңғы екі жылда Шымкентте 32 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 20 жекеменшік 12-і бюджет есебінен. Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен шешілді, үш ауысымды мектептер саны 19-тен 9-ға азайды. 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектептер салу кешенді жоспары әзірленді. Оның ішінде, 58-і мемлекет, 4-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік, 39 мектеп жеке инвесторлар есебінен салады. Нәтижесінде 2023 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі екен.
2025 жылға дейін оқушы саны шамадан тыс мектептер, жаңадан қосылатын мектебі жоқ шағын аудандар, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 4 мектеп мәселесі шешімін табады.
Бас жоспарға сәйкес, 2026-2030 жылдарға дейінгі жоспар да түзілуде. «Былтыр «Жаңаталап», «Ынтымақ-2», «Ақтас-2», «Нұршуақ», «Жаңа Тұрлан» елдімекендеріне ауыз су кіргіздік. Жыл соңына дейін «Құрсайдағы» құрылыс жұмыстары аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізіледі»-деді Б.Парманов. Аудан әкімінің берген мәліметінше, «Нұршуақ», «Жаңаталап», «Батыс» тұрғын алаптарын электр жарығымен қамту жұмыстары бітуге жақын. Жаңа жылға дейін 4366 тұтынушы сапалы электр қуатына қол жеткізеді. Көгілдір отынмен барлық елдімекеннің 24-і қамтылған. Биыл 7 нысанда құрылыс қырқынды жүргізілуде. Келесі жылы тағы 3-де газ тарту жұмыстары басталады. Жалпы, Абай ауданы 2024 жылы толық газбен қамтылатын болады. «Инфрақұрылым құрылысы әр жылға кезең-кезеңімен жоспарланған. Халықтың бірінші кезектегі мәселесін шешіп беру – біздің міндетіміз. Қала басшысы М.Әйтеновтің тікелей қолдауымен алдағы 2 жылда «Абай» ауданы бойынша су, газ, жарық мәселесі түбегейлі шешіледі. Сабыр сақтап, берілген уәделердің орындалуын күткендеріңіз үшін халыққа алғысымды білдіремін»-деді аудан әкімі. Ал «Самал-3» пен «Солтүстік Батысқа» қазіргі уақытта кәріз жүйесі тартылуда, ол да аяқталуға жақын. Келесі жылы «112 орамда» құрылыс басталады. Сөйтіп бұл мәселе 2025 жылға дейін 59%-ға шешімін табатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin