• 23 апреля, 2024 10:28 пп

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ  ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

Автор:admin

Ноя 8, 2022

Шымкент қаласы Самал-3 шағынауданының тұрғындары  қала әкімі  Мұрат Әйтеновпен кездесуінде кәріз жүйелерінің құрылысы жөнінде шағымын жеткізген болатын.  Аталған шағынаудандағы 63 көшеде 6 800 үй қоныстанған. Бүгінде қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 33 көшеде кәріз жүйесінің құрылысы жүруде. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 4300 үйге орталықтандырылған кәріз жүйесі қосылады. Қалған №6 емхана маңындағы 30 көшедегі 2500 үйге биыл ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмысы 2023 жылдың жоспарына енгізілді. Сонымен бірге қала әкіміне «Солтүстік-Батыс» шағынауданының тұрғындары да кәріз мәселесін жеткізген.  Шағынауданда қазір 1800 үй болса, оның 500-ге жуығы кәрізбен қамтылмаған. Осы үйлерге қамту үшін келесі жылдың бюджеттік жобасына енгізіледі. Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған. Бүгінде қамту көрсеткіші 54 пайызды құраса, жыл соңына дейін 60 пайызға жеткізу көзделген. Осыған байланысты қазір 20 нысанды құрылыс жұмысы жүргізілуде. Жалпы, жыл соңына дейін Самал-3, Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Жұлдыз шағынаудандары мен Әл-Фараби ауданындағы  Хлопзавод, Шолохов көшелерінде кәріз жүйесі іске қосылады.  Бұдан бөлек, Арғынбеков коллектор жүйесі, Тұран ішкі магистралы, Достық КНС және Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады.  Шымкент қаласының 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, шаһар аумағының 75 пайызы кәріз жүйесімен қамтылмақ. Біз «Қазақстан-2030» Стратегиясын тұжырымдаған кезде нәтижесінде жаңа, мүлдем күтпеген, экономикалық және геосаяси жағдаяттар туындайтын, өз көлемі жағынан теңдесі жоқ әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс төнеді деп ешкім күтпеген еді. Біз  о бастан-ақ оған түзетулер енгізу мүмкіндігін ескердік. Әлемдегі жағдай өзгеретінін және өмір өз түзетулерін енгізуі мүмкін екенін түсіне отырып, менің тапсырмам бойынша жаңа жағдайдағы біздің орнымыз бен біздің мүмкіндіктерімізді ой елегінен өткізе отырып жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды. Олардың талдау жұмыстарын ескере отырып, мен ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын жасауды ұсынамын, оның ішінде 2030 Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасын табатын болады. Уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасы сияқты біздің жоспарларымызға түзетулерін енгізетінін нақты түйсінуіміз керек. 2050 жыл — жай бейнелі дата емес. Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады. Қазір елдердің дені  осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin