• 26 апреля, 2024 6:36 пп

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп тұрады.

Автор:admin

Ноя 8, 2022

Одан бөлек қала әкімі бірнеше рет қаладағы барлық шағын аудандар мен елді мекендерді аралап, өзекті мәселелермен танысты. Әр айдың алғашқы сәрсенбісінде қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылып келеді. Осындай кездесулер, елдімекендерді аралау мен қабылдаулар кезінде Шымкент қаласы Абай ауданы Алтынөбе тұрғын алабының тұрғындары өздері үшін маңызды бірқатар мәселелерді қозғаған болатын. Біріншіден, алтынтөбеліктер ескірген электр желілерін ауыстыру мәселесін көтерді. Қала әкімі тиісті басқармаларға осы жұмысты «ОңтүстікЖарықТранзит» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүргізу жөнінде тапсырма берді. Осыған орай Алтынтөбедегі жалпы ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын 11 көшенің электр бағаналары мен электр желілерін және 3 трансформаторды жаңарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың 90 пайызы атқарылған. Жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Мұнан бөлек Алтынтөбе ауыл округіне өткен жылдың соңында табиғи газ құбырлары тартылып, көгілдір отын жеткізілген. Алайда, наурыз айындағы кездесу барысында тұрғындар қала әкіміне газ құбыры жеткізілгенімен, оған тұрғын үйлерді қосу жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтып шағымданған болатын. Осыған орай қала әкімі бұл жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Наурыз айына дейін 55 тұрғын үй газға қосылған болса, одан беріде тағы да 134 тұрғын үйге газ кіргізілген. Қалған 24 үй газға қосылу үшін техникалық шарт алуда.  Сонымен қатар тұрғындар Алтынтөбені газдандыру барысында бірқатар тұрғын үйлердің жобаға енбей қалғанын айтты. Мұрат Дүйсенбекұлы аталған үйлерді табиғи газға қосу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырма берген. Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлейтін жобалаушы компанияны анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Жыл соңына дейін жобалық-сметалық құжаттар жасалып, 2023 жылы жобаға енбей қалған тұрғын үйлерді газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде 2030 Стратегиясының аясы жеткілікті емес. Біз жоспарлау көкжиегінкеңейтіп, 15 жыл бұрынғыдай кезекті дүниетанымдық серпіліс жасауымыз керек. Біріншіден, Қазақстан — қазіргі заманғы мемлекет. Біздің мемлекетіміз кемелдікке жетті. Сондықтан да бүгінгі күн тәртібі мемлекеттің қалыптасуы кезеңіндегіден өзгеше. Дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Көптеген елдер қазірдің өзінде 2030-2050 жылдардың арғы жағына көз жіберуге тырысады. «Басқарылатын болжамдау» қазіргі тұрақсыз кезде мемлекеттер дамуының маңызды тетігіне айналуда. Екіншіден, «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Өзінің базалық өлшемі бойынша ол орындалды. Үшіншіден, біз жаңа шындық тудырған сынақтар мен қауіп-қатерлерге кезігіп отырмыз. Олар жалпылық сипат алып, барлық елдер мен өңірлерге әсерін тигізуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin